• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Жамбыл облысында тасқын болуы мүмкін жерлер әуеден бақыланды

182 рет
көрсетілді

ТАРАЗ. 18 мамыр. Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің бастауымен арнайы комиссия өңірдегі қатты жауын салдары мен облыс аумағында болатын жауын-шашын болжамының негізінде аэровизуалды тексеріс жүргізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жамбыл, Т. Рысқұлов, Меркі, Шу, Жуалы және Талас аудандарында «Қазавиақұтқару» акционерлік қоғамының МИ-8Т тікұшағымен аэровизуалды тексеріс жүргізілді. Су немесе сел тасқыны қаупі болуы мүмкін өзендер, су қоймалар мен 4 мұздық көлдер қамтылды», деді Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Ерік Алпысбаев. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, комиссия құрамымен Т. Рысқұлов, Меркі, және Жуалы аудандарының аумағындағы Қырғыз және Талас Алатау бөктерінде шамалы қар қорының қалғаны анықталды. Қазіргі кезде барлық өзендерде өткен жылғы көрсеткіштерден су мөлшері көп. Дәл осы жағдай су қоймаларында да орын алған. Сонымен қатар, жауын-шашынның көп мөлшерде болу салдарынан кар қорының тез еру ықтималдығы бар, беткейлерде ағындар пайда болып, өзендерде су деңгейлері тез көтеріліп сел ағыны пайда болуы мүмкін. Су немесе сел тасқыны қаупі салдарына байланысты төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында комиссия құрамымен жергілікті атқарушы органдарға қатысты мемлекеттік мекемелермен және ұйымдармен бірлесіп  елді мекендер мен шаруашылық объектілерін және аумақты қорғау бойынша кешендік іс-шаралар жүргізу жөнінде ұсыныстар берілді. Оралхан Дәуіт. Дерек, фото: egemen.kz // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e