• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасына жаңа басшы келді

185 рет
көрсетілді

АСТАНА. 18 мамыр. Қазақстан президенттік кәсіпқой футбол лигасының президенті болып Бағлан Ергешев тағайындалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Б. Ергешев әр жылдары «Ордабасы» және «Оқжетпес» футбол клубтарының спорт директоры болып қызмет атқарған. Қазақстанның президенттік кәсіпқой футбол лигасының бұрынғы басшысы Олжас Абраев отставкаға кетуін ұлттық құрама команданың матчтарымен байланыстырды. «Мен ұлттық құраманың жолдастық кездесулеріне қарсы емеспін. Бірақ бәрі өркениетті түрде болу керек. Біз клубтардың ойындарына ыңғайлы болу үшін ұлттық құраманың мамыр айында жолдастық матчтар өткізуін қаладық. Бұған ешкім келіспеді. Біз сонда да болса, футбол федерациясының ұсынысына құлақ асып,  еліміздің бас командасына  тамыз айының басында жолдастық кездесулер өткізуге уақыт бердік. Бізді ешкім тыңдамады, бізбен ешкім санасқан жоқ. Сондықтан мен отставкаға кетуге шешім қабылдадым», деді ол. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтхожин да отставкаға кететінін мәлімдеді. Оның өтініші атқарушы комитеттің отырысында қаралады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қазақстанның президенттік кәсіпқой футбол лигасының vkontakne әлеуметтік желісіндегі парақшасы. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e