• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Тест

455 рет
көрсетілді

 тапсыратындар қай пәнді көбірек таңдайды? Мамыр айы келді дегенше мектеп бітіруші жас­тардан маза қашады. Алда – үлкен сынақ. Маусымның алғашқы күндерінде басталып, бел ортасына дейін созылатын бұл сынаққа соңғы дайындықтар қызу жүруде. Әр түлектің жүрек­тері лүпіл қағып, кеуде­лері үмітке толы. Биыл жамбылдық 44 мектеп біті­руші халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңім­паздары ретінде ұлттық бірың­ғай тестілеуді тапсырудан босатылады. Сондай-ақ, 220 оқу­шы «Алтын белгіге», 84 оқушы үздік аттестатқа үміткер. 64  мектеп бітіруші мемлекеттік грант ие­герлері. Және 2496 мектеп бітіруші дәстүрлі емтихандар тапсырады. Аудандарда мектеп бітірушілердің ұлттық бірыңғай тестілеуін ұйым­дасқан түрде өткізу үшін олардың тамақ­­тануына, тасы­мал­дауына және жатын орнына 16 млн. 990 мың теңге бөлінген. Өткен жылы тестілеуде жам­былдық мектеп түлектері арғы жылға қарағанда өздерінің жақсы дайындықтарын көрсеткен болатын. Яғни, облыстың орташа балы – 78,6-ны құрап, 2014 жылмен салыстырғанда 6,2 балға өскен-ді. Міне, осы ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсеткен Тараз қаласындағы №1, 40, 41, 45 гимназиялары мен облыстық дарынды балаларға арналған 3 мектеп-интернаттың базасында осы білім ошақтарының озық іс-тәжірибелері таратылды. – «EDTECH-KZ» Халықаралық білім орталығы өкілдерінің қаты­­суымен 2015 жылдың қарашасы мен 2016 жылдың наурыз айларында 10, 11 сынып оқу­шылары арасында 2 рет тестілеу өткізіп, оған 18 493 оқушы қатысты, – дейді Өңірлік ком­муни­кациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облыстық білім бас­қар­масы басшысының орынбасары Жәмила Бекбатырова. – Тест нәтижесі бойынша оқушылардың таңдау басымдығы – биология, физика, география, ағылшын ті­лі пәндеріне берілгендігі анық­талып,  ҰБТ көрсеткішінің өсуі осы пәндерді сапалы оқытуға қатысты екендігіне, техникалық қателіктерге жеткілікті мән беру жөнінде ұсыныс берілді. Жалпы алғанда, 2015-2016 оқу жылында Жамбыл облысындағы 316 жалпы білім беретін орта мектеп 8561 оқушы бітіргелі отыр. Соның 6065-сі, яғни 70,85 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш берген. 6065 оқушының 35,6 пайызы қала, 64,4 пайызы ауыл мектептерінің түлектері екен. Ендеше, іске сәт, жас түлектер! Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар