• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Мақсатымызға жұмыла ұмтылатын ел екенімізді көрсетейік

288 рет
көрсетілді

Елбасы мемлекеттік органдар басшылары мен өңір әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте осылай деді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  төраға­лы­ғы­мен елдің 2016 жылғы 4 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған кеңес өтті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Орталық мемлекеттік орган­дардың басшылары, облыс­тардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдері қатыс­қан кеңесте елдің 4 айдағы әлеу­­­мет­тік-экономикалық даму қоры­тындылары, негізгі мем­лекеттік бағдарламаларды өңір­лерде жүзеге асыру мәселелері, Тәуел­сіздіктің 25 жылдығын мере­­ке­леуге дайындық барысы талқыланды. Мемлекет басшысы эконо­­­ми­ка­­дағы қиындықтарға қара­мас­тан, елдің өңдеуші өнеркә­сібінде өсім байқа­лып отырғанын, ауыл шаруашылығында көлем 2,6%-ға, көлік саласында  4%-дан аса, құрылыста 6,5%-ға ұлғайғанын атап өтті. – Елдің тоғыз өңірінде өнді­­ріс көлемінің өсімі қам­та­ма­сыз етілді. Былтыр инвес­ти­циялар индустрияландыру бағдар­лама­сының басымдығы бар сала­ларында, соның ішінде машина жасау өндірісінде 7 есеге, тамақ өнеркәсібінде 30%-ға, мұнай өңдеу өнімдері өндірісінде 81%-ға өсті. Бұл – аталған салаларға тікелей шетел қаражатын салудың нәтижесі. Жалпы, негізгі капиталға салынатын инвестициялар ел бойынша 15%-ға артты. Бұл инвесторлар тарапынан мүд­делі­ліктің  сақталып отырғанын айғақтайтын көрсеткіш, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев егіс науқаны аясында елдің ауыл шаруа­шылығы өнімін өндіру­шілер барлық қажетті нәрсемен қам­тамасыз етілгеніне, соған бай­ланысты бұл салада жақсы нәтижелерге үміт артуға бола­тынына назар аударды. Қазақстан Президенті әлеу­мет­тік саладағы оң көрсет­кіштерге де тоқталды. – Біз жұмыссыздықтың артуына жол бермей, оның деңгейін бұрынғы 5 пайыздық деңгейде сақтай алдық. Бюджет түсімдерінің қысқарғанына қарамастан, мен мемлекеттің бар­лық әлеуметтік міндеттеме­лерін орындауға нақты тапсырма бердім. Халық тұрмысының төмендеуі­­не жол беруге болмайды. Бұл – бар­лық деңгейдегі мемлекеттік орган­дардың негізгі міндеті. Біз биыл бюджет саласы қызметкерлері­нің жалақысын білім беру саласын­да  – 29%-ға, денсаулық сақтау сала­­­сында – 28%-ға, өзге сал­а­лар­да 40%-ға көтердік. Студент­тер­дің стипендиялары, сон­дай-ақ, мүгедектікке және асырау­шысынан айырылуға байланысты жәрдемақы көлемі 25%-ға ұлғай­ды. Шоғырланған зейнетақы төлем­дерінің көлемі 9%-ға көтерілді. Осының бәрі дағдарысқа қарсы уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесі болып табылады, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Бес инс­ти­туттық реформа аясында құры­лымдық өзгерістер жүргізіліп жатқанын, олар экономиканың кез келген жаһандық сын-қатерге қарсы тұру қабілетін нығайтуға бағытталғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев дағда­рысқа қарсы шаралардың маңызды бөлігі индустрияландыру және «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдар­ламаларын жүзеге асыру болып саналатынын айтты.  – Индустрияландырудың алты жылының қорытындысы бойынша барлық өңірде 900-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылды. Дәл осы кәсіпорындардың жұмысы экономикамыздың қазіргі жағ­дайына тірек болды. Бұл ретте іске қосылған кәсіпорындардың бәрі бірдей жобалық қуатына жеткен жоқ. Мәселен, 21 жоба тоқтап тұр, 13 жоба проблемалы нысан ретінде тізімнен шыға­рыл­ған. Биылғы төрт айдың статис­тикасы индустрияландыру бағдарламасын жүзеге асыру нашар жүргізіліп, эконо­ми­каны әртараптандыру ісімен айналыспаған жерде құлды­рау болатынын көрсетіп отыр. Кемшіліктерді ескере оты­рып, бағдарламаны жүзеге асыру қағи­даттарын бәсекеге қабі­­лет­ті­лік, бизнес-модельдің тиім­ділігі мен қаржы нәтижелілігі өлшемдері негізінде қайта қарау қажет. Қай­тарымы болатын жобаларды ғана қаржыландыру керек, – деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті биылғы экономикалық саясаттың ұстыны «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағ­дар­­­ламасы болғанына назар аударды. – Ол өзінің әлеуметтік сала­­ға бағдарланғандығымен маңыз­ды. Бірақ мұны әкімдердің бәрі бірдей түсінбеген сияқты көрі­неді. Бағдарламаны жүзеге асыру­ға қаржы бөлу жөнінде мен ақ­пан­да хабарлаған болатынмын. Биыл 840 миллиард теңге бөлу қарас­тырылған, наурызда қызу жұмыс жүріп жатуы тиіс еді. Алайда, бүгінде осы қаражаттың өңірлерге тек 8%-ы түскен, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы «Бизнес­т­ің жол картасы-2020» бағдар­ламасы аясындағы инфра­құры­лымдық жобалар құрылысы бойынша жұмыстың тиісті дең­гейде басталмағанына да назар аударды. – «Жол картасына» бағыт­тал­ған ақша баспана, жол, ауру­хана, сумен қамту нысандары құрылысы арқылы халыққа қыз­мет етуі және пайда әкелуі тиіс, – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы Жол», сондай-ақ, «Жұмыспен қамту­дың жол кар­тасы-2020» бағдарламаларын жүзеге асыруға бөлі­­нетін қаражатты уақтылы және сапалы игеруді қамтамасыз етудің маңыздылығына да тоқталды. Бұдан бөлек, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне жұмыс орындарының сақталуын, өндірістік кәсіпорын­дардың тұрақты  жұмысының қам­тамасыз етілуін және олар­дың өндіретін өнімдерінің облыс­аралық кооперация арқы­лы да жет­кізілуін қадағалау тапсы­рылды. Қазақстан Президенті 5 ма­мыр­­­дағы кеңес барысында өзі­нің бірқатар маңызды тапсырма бергенін еске салды. – Мен жер туралы заңнаманың бірқатар ережелерінің іске асы­рылуын тоқтату туралы жарлыққа қол қойдым. Тиісті комиссия құры­лып, өз жұмысын бастады. Оның алғашқы отырысы зор резонанс тудырды. Комиссия мүшелері жер туралы заңнаманы жетілдіру жөніндегі үйлесім­ді ұстанымдарын әзірлеуге тиіс. Жер үшін шынымен жаны ауы­ратындардың бәрі өз сөзін айтуы керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Осы орайда Мемлекет бас­шысы облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдеріне бұл мәселені халық арасында түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назар­баев алда келе жатқан Тәуел­­сіз­діктің 25 жылдығы қазақ­стан­дықтарға және бүкіл әлем­г­е  жеткен жетістіктерімізді көрсетуде жақсы мүмкіндік бере­тінін айтты. – Еліміздің жетістіктерін баға­лай білу қажет, болашақ ұрпақ онымен мақтануға тиіс. Осы кезеңде бізге сырттан сынай қарап отырғандар көп. Біз әлем алдын­да ұятқа қалмай, күрделі мәселені сындарлы үнқатысу арқылы шеше алатынымызды паш ете білуіміз қажет. Алға қойған мақ­сатына жұмыла ұмтылатын ел екенімізді көрсетуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.