• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Зираттар

549 рет
көрсетілді

бүлінуі кәсіпкер жасаған жасанды көлдің ыза суынан емес пе? Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы, Каменка ауылының бір топ тұрғыны осы елді мекенге жақын жерден өз кәсібін ашқан кәсіпкерді айыптап отыр. «Өлі риза болмай, тірі байы­­майды» деп аруақты қа­дір­леген халықпыз ғой. Ауыл тұр­ғындарының айтуына қара­ғанда, кәсіпкер демалыс орнын ашуды қолға алған екен. Содан келушілерді көптеп тарту үшін тек тамақтану орнын ғана емес, балық аулап, бой сергітіп, қызыққа батсын деген ниетпен қолдан көл жасапты. Міне, сол жасанды көлден асып төгілген су жақын маңдағы молаларды бүлдірген көрінеді. – Бұл кәсіпкер демалыс орнын ашып, екі айдан бері терең сайға су толтырып, балық жі­беріпті. Алайда, бір жетіден бері толассыз жауған жауыннан шағын көлдің деңгейі көтеріліп, жотадағы зиратқа қауіп төн­дірген. Тіпті, қабірлерге су құ­йы­лып опырылып жатыр, – деп шырылдайды осы ауылдың тұрғыны Марат Тәнекеев. Оның айтуына қарағанда жақындары жерленген қабірлер шетінен қираған. Бір ай бұрын әкесі жерленген қабірдің төбесі ойы­лып астына түсіпті. Бұдан да басқа бірнеше азаматтар жақын­дары­ның қабіріне су құйылуын жасанды көлден көріп отыр. Ал кәсіпкер азамат бұ­ған өзін кінәлі санамайды. «Қабір­лердің бұзылуына соңғы кездері толассыз жауып жатқан жаңбыр себеп болған. Мен қолдан жа­саған көлдің деңгейі қанша кө­терілгенімен, су қабірлерге жет­кен жоқ. Дегенмен де мола­ның маңын толық қоршап, бө­геп беруге уәде беремін», дей­ді ол. Міне, осылайша ауыл тұр­ғындары мен кәсіпкердің ара­сындағы дау әзірге бітетін емес. Мүмкін бұл даудың анық-қанығын арнайы мамандар анықтап, бір нүкте қояр. Шынында, соңғы кездері өңірде жауын күн сайын жауып, сай-сайдың бәрі суға толғаны рас. Бірақ, осы Каменка ауылының ғана болмаса, басқа жақта молалардың бүлініп жатқаны туралы ештеңе естімедік. Соған қарағанда жақын маңдағы көлдің моланың бүлінуіне әсері болуы да мүмкін. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы