БҰҰ Бас Ассамблеясында жоғары баға алды
Астанадағы Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб қызметіне БҰҰ Бас Ассамблеясының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы жөніндегі жоғары деңгейдегі комитетінің XIX сессиясында ынтымақтастықтың халықаралық тиімді тұғырнамасы ретінде атап өтілді.
Жиынды БҰҰ Бас хатшысының Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығы бойынша арнайы уәкілі Хорхе Чедиек кіріспе сөз сөйлеп ашты. Сессия жұмысына БҰҰ мүше-мемлекеттері, бақылаушы елдері тұрақты өкілдері, БҰҰ мекемелері, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйым жетекшілері қатысты.
Мемлекеттік басқару саласындағы Оңтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығының үлесі туралы талқылау тақырыбы ретінде Астана өңірлік хабының тәжірибесі назарға алынды. Хабтың басқарушы комитеті төрағасы Әлихан Байменов мемлекеттік қызметті жетілдіруде Қазақстанның халықаралық әріптестікке қосқан үлесі, оның ішінде тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету бойынша хаб қызметі жөнінде баяндады.
Бұған дейін БҰҰ арқылы Астанада хабтың құрылуы және оның табысы Қазақстанның реформалар жасау, оның ішінде мемлекеттік қызметте меритократияны нығайту бойынша оң тәжірибесімен бөлісуге даярлығының нәтижесінде мүмкін болғандығы атап өтілген. 2014 жылы хаб Оңтүстік-Оңтүстік форматындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін БҰҰ-ның арнайы сыйлығымен марапатталған.
Хаб Қазақстан бастамасымен БҰҰ «Даму» бағдарламасымен бірлесе отырып, 25 мүше ел және 5 халықаралық ұйымның қатысуымен құрылды. Қазіргі таңда хаб 34 мүше елден тұрады.
Руслан ИГІЛІК