• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Ассамблея іс-шараларына қатысады

275 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов бастаған делегация Санкт-Петербург қаласында 19-20 мамырда өтетін ТМД-ға қа­тысушы мемлекеттер Пар­ламентаралық Ас­самб­лея­сының іс-шара­лары­­на қатысады, деп хабар­ла­ды Мәжілістің баспасөз қызметі. Бұл көктемгі сессияның айыр­машылығы ТМД ПАА құра­мына енетін ұлттық парла­мент­тердің спикерлерімен қатар, шара жұмысына бірқатар ха­лық­­ара­лық ұйымдардың же­тек­шілері де қатысады деп күтілу­де. Соның ішінде, әлемдегі ірі пар­­ламентаралық ассамблея­лар: Парламентаралық Одақ, Еуропа Кеңесінің Парламентара­лық Ассамблеясы, Еуропадағы қауіп­­сіздік және ынтымақтас­тық ұйы­мының Парламентара­лық Ассамблеясы, Достастықтың (ұлт­тар) Парламенттік қауымдас­тығы бар. Мәжіліс делегациясының бағдарламасында палата Төр­аға­сының бірқатар екіжақты кез­десулері жоспарланған. Мәжілісмендер ТМД ПАА тұрақты комиссияларының шең­берінде: жергілікті өзін өзі бас­қару мен мемлекеттік құрылым тәжі­рибесі бойынша; халықаралық ынтымақтастық пен саяси мәсе­лелер бойынша; аграрлық саясат, экология мен табиғат пайдалану; мәдениет, ақпарат, туризм мен спорт мәселелері бойынша пікір алмасатын болады. Сонымен қатар, ТМД ПАА 44-ші пленарлық отырысына қатысады. Сондай-ақ, Б.Ізмұхамбетов «Еуразиялық экономикалық перс­пектива» IV халықаралық форумында сөз сөйлейді деп жос­парлануда. Аталған форум 2013 жылдан бері тұрақты түрде өт­кі­зіліп келеді. Оған ТМД елдері пар­ламенттерінің өкілдері бастамашы болып табылады. Шараға депутаттар, танымал сая­сат­керлер, ғалымдар, сарапшылар, сондай-ақ түрлі елдердің биз­нес-қауымдастық өкілдері жинал­мақ. Талқыға түсетін тақы­рып – Еура­­зия құрлығында өзара тиім­ді эко­­н­омикалық іс-қимыл мәселелері.