Бостандық көшесіндегі «Дария» атты іргелі базарды қызыл тілі сумаңдаған өрт жайлады. Бұл жайлы хабар түсісімен төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің «Өрт сөндіру және апаттық құтқару» мемлекеттік мекемесінің бірнеше бөлімшесі оқиға болған жерге шұғыл жетіп, бірден ауыздықтауға кірісті.
Өрт сөндіруге 11 техника, 38 адам жұмылдырылып, қауырт қимылдың арқасында одан әрі өршуіне жол берілмеді.
Базарды жайлаған жалын кезінде үш сауда павильоны, сауда орнының екіқабатты ғимаратына қосалқы жапсаржайтың шатырына зақым келді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері мен келтірілген зиян мөлшері анықталуда.
Евгений ЖУРАВЛЕВ,
ОТЖД-нің бас маманы
ПЕТРОПАВЛ