• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
18 Мамыр, 2016

Өскеменде «Мәңгілік ел» идеясына ашық диктант жазылды

466 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 18 мамыр. Шығыс өңірінде «Мәңгілік ел» патриоттық идеясына арналған ашық диктант жазу шарасы өткізілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған диктант еліміздің барлық өңірлерін қамтып отыр. Бұл шарада белсенді оқушылар мен студенттер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз білім-біліктерін тексерді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның мақсаты «Мәңгілік Ел» патриоттық актін насихаттау, мемлекеттік тілді меңгеруге деген қызығушылықты арттыру, қазақстандық біртектілікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен бірлікті нығайту болып отыр. Ұйымдастырушылар әр жұмысты тексеріп болғаннан кейін ең сауатты қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік кәдесыйлар табыс етеді. Думан Анаш. Дерек, сурет: Шығыс Қазақстан облысы ақпараттық орталығы.