• RUB:
    5.12
  • USD:
    483.23
  • EUR:
    534.74
Басты сайтқа өту
19 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №288

392 рет
көрсетілді

2016 жылғы 12 мамыр, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 12 мамырдағы №288 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде: 16-тармақта: «орталық аппараттың функцияларында»: 8) және 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және оларды танудың тәртібін белгілеу және танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдарының және білім беру бағдарламаларының тізілімін қалыптастыру; 9) тиісті білім беру деңгейлерінің жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттарын әзірлеуді ұйымдастыру, әскери, арнаулы, медициналық және фармацевтикалық оқу орындарының үлгілік оқу бағдарламаларын және үлгілік оқу жоспарларын қоспағанда, барлық білім беру деңгейлерінің үлгілік оқу бағдарламалары мен үлгілік оқу жоспарларын бекіту;»; 10) тармақша алып тасталсын; 15), 16) және 17) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілік оқу жоспарлары мен білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту; 16) бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын әзірлеу; 17) мүдделі министрліктермен, өзге де орталық атқарушы органдармен, жұмыс берушілермен және басқа да әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жасай отырып, кадрлар даярлау үшін кәсіптер мен мамандықтар тізбесін айқындау және кәсіптер мен мамандықтардың сыныптауыштарын бекіту;»; 20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «20) мектепке дейiнгi, орта, техникалық және кәсiптiк, орта білімнен кейінгі бiлiм беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын әзiрлеудi ұйымдастыру және бекiту;»; 25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «25) жыл сайын республикалық және жергілікті бюджеттер бекітілгенге дейін оқулықтардың, оқу-әдiстемелiк кешендердiң, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттiң, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тiзбесiн бекіту;»; 29) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «29) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, ведомстволық бағынысы бiлiм беру ұйымдарының жарғыларын бекiту;»; 39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «39) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, сондай-ақ, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын: «39-1) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған шығыстарды қаржыландыру нормативтерін және оларды жоспарлау әдістемесін әзірлеу және бекіту;»; 40) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «40) мамандықтар бөлінісінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлуді бекіту;»; 42) және 43) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «42) кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және кәсіптер (мамандықтар) бойынша біліктілік беру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 43) білім және (немесе) біліктілік туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруді ұйымдастыру, оларды сақтау, есепке алу мен беру және олармен негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын, ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды әзірлеу мен бекіту және олардың пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;»; 45) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «45) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 57) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «57) ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу және оқу жетістіктеріне сырттай бағалау жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; мынадай мазмұндағы 61-1), 61-2), 61-3), 61-4), 61-5), 61-6), 61-7), 61-8), 61-9), 61-10), 61-11), 61-12), 61-13), 61-14), 61-15), 61-16), 61-17), 61-18), 61-19) және 61-20)тармақшалармен толықтырылсын: «61-1) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту; 61-2) орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені әзірлеу және бекіту; 61-3) орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 61-4) ауа райы қолайсыз метео жағдайларда орта білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында сабақтарды тоқтату қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-5) сыныптауышқа сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім үшін оқыту мерзімдері және білім беру деңгейлері бойынша кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін әзірлеу және бекіту; 61-6) мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының оқулықтарға және оқу-әдістемелік кешендерге қажеттілігін болжау әдістемесін әзірлеу және бекіту; 61-7) мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-8) мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау жөніндегі қағидаларды әзірлеу және бекіту; 61-9) білім беру ұйымдарын бағалау өлшем шарттарын әзірлеу және бекіту; 61-10) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту; 61-11) жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарына (ғылыми жарыстарға) қатысушылар құрамын қалыптастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-12) педагогикалық әдеп қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-13) ғылыми қызметтің нәтижелерін жариялау үшін ұсынылатын басылымдар тізбесіне қосу үшін ғылыми басылымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу және бекіту; 61-14) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-15) педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын бекіту; 61-16) экстернат нысанында оқыту қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-17) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-18) дуальды оқытуды ұйымдастыру қағидаларын мүдделі мемлекеттік органдармен келісім бойынша әзірлеу және бекіту; 61-19) мемлекеттік білім беру ұйымдарының жатақханаларындағы орындарды бөлу қағидаларын әзірлеу және бекіту; 61-20) мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балаларды орта білім алғанға дейін есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 67) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «67) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгерген білім алушыларды қорытынды аттестаттау ерекшеліктерін айқындау;»; 101) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «101) білім беру ұйымдарында эксперимент режимінде іске асырылатын білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сынақтан өткізу және енгізу қағидаларын әзірлеу және бекіту;»; 129) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «129) орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және білім алып жатқан балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидаларын бекіту;»; 135) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «135) «Орта бiлiм беретiн үздiк ұйым» грантының мөлшерін және оны беру тәртiбiн белгiлей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткiзу қағидаларын бекiту;»; «ведомстволардың функцияларында»: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бiлiм беру қызметiмен айналысуға лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды: бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік білімнің, оның ішінде кәсіптер мен мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын; орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын; рухани білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғаларға беру; 1-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) ведомстволық бағыныстылығына қарамастан: мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; мамандандырылған білімнің мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын; арнайы білімнің арнайы оқу бағдарламаларын; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын; жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу;»; 11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «11) білім туралы құжаттарды (түпнұсқаларды) апостильдеу рәсімін жүзеге асыру;»; 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «18) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру; 19) қауымдастырылған профессор (доцент), профессор ғылыми атақтарын беру; 22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «22) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін және қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақтарын беруге арналған аттестаттау істерін сараптау жөніндегі сараптамалық кеңестер құру және олардың қызметін ұйымдастыру;»; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде: реттік нөмірдегі 3 және 47-жолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 55-жолмен толықтырылсын: «55. «Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы»; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнің Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: реттік нөмірі 29-жол алып тасталсын; мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 32-жолмен толықтырылсын: «32. «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамы. 2. «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 127 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 375-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін айқындайды.». 3. «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 27-28, 378-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Техникалық және кәсіптік білімнің кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.»; 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі. Құжаттарды қабылдауды және түсу емтихандарын өткізуді ұйымдастыру»; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «8. Білім беру ұйымдарында оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау: 1) орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында; 2) бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша 20 маусым мен 20 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады.»; 10-тармақта: бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын: «10. Түсу емтихандары орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша және:»; 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «2) негізгі орта білімі бар оқуға түсушілер негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары көлемінде екі пән бойынша (қазақ немесе орыс тілі және мамандық бейіні бойынша пән);»; 4) тармақшаның екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерге арналған түсу емтихандары әңгімелесу нысанында өткізіледі.»; 12-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «12. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсетін тұлғалар үшін оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттай нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында; өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихандар 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі. Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқудың күндізгі нысанына түсетін азаматтар үшін әңгімелесу 1 тамыз бен 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі нысанына 1 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында өткізіледі.»; 15-тармақтың бесінші, алтыншы және жетінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын: «Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті әрі техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар азаматтарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс. Орта буын мамандарын даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау: Бұқаралық кәсіптер мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер бойынша кадрлар даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылардың құрамына қабылдау негізгі орта немесе жалпы орта білімі туралы құжаттарда көрсетілген бейіндік пәндер бойынша бағалар, әңгімелесу нәтижелері ескеріле отырып іріктеу негізінде 25 тамыз бен 30 тамыз аралығында өткізіледі. Іріктеу шарттарын білім беру ұйымдары айқындайды.»; көрсетілген Қағидаларға қосымшада: оң жақ жоғары бұрышта «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша». 4. «Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 174 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 30, 403-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары бекітілсін.»; көрсетілген қаулымен бекітілген Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларында: тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.»; 2-бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «2. Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау тәртібі»; 14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «14. Білім беру ұйымдарына білім алуға адамдарды қабылдау олардың өтініштері бойынша конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурстың шарттары білім алу құқықтарының сақталуына кепілдік беруге және неғұрлым қабілетті және орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын меңгеруге даярлығы бар адамдарды қабылдауды қамтамасыз етуге тиіс.»; көрсетілген Қағидаларға қосымшада: оң жақ жоғары бұрышта «Орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «Орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына қосымша». 5. «Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 6 ақпандағы № 207 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 33, 422-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық мектеп мәртебесін беру қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Халықаралық мектеп мәртебесін беру халықаралық білім беру тәжірибесін жетілдіру және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне интеграциялау, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің дербес әзірленген жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мектептердің жұмыс істеуінің қалыптасқан практикасы үшін құқықтық база құру мақсатында жүзеге асырылады.»; 3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының және халықаралық жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының талаптарын есепке ала отырып, дербес әзірленген интеграцияланған білім беру бағдарламаларын іске асыру;»; 4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «4) жалпы білім беретін оқу бағдарламаларының мазмұны (бағдарламаның негізгі мақсаттары, негізгі теориялық-әдіснамалық ережелері, оқушылардың білім сапасын бақылау, мониторингтеу және қамтамасыз ету құралдары, білім беру ұйымының бағдарламасын қамтамасыз ететін оқу-әдістемелік әзірлемелердің тізбесі);». 6. «Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 ақпандағы № 261 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 446-құжат): 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылар ұлттық бірыңғай тестілеуге қатыспаса, мемлекеттік бітіру емтиханы нысанында қорытынды аттестаттаудан өтуге және оқуын бітіретін жылы орта білімнен кейінгі немесе жоғары бiлiмнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын бiлiм беру ұйымдарына кешенді тестілеу арқылы түсуге мүмкіндік беретін мынадай жағдайлар айқындалсын:». 7. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 264 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 34, 448-құжат): тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту туралы.»; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысынан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшері бекітілсін: 1) І, II топтардағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін – 1 пайыз; 2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін – 0,5 пайыз; 3) ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 30 пайыз; 4) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін – 2 пайыз; 5) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары үшін – 1 пайыз; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін – 10 пайыз.».