• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Жылқы патшалығы

882 рет
көрсетілді

АҚШ журналисі қазақ жеріне осындай баға берді Қазақ жері – шабан­доздар­дың мекені. Оны Американың National Geographic журна­лының фоторепортері және Western Horseman басылы­мы­ның редакторы Райан Белл өзде­ріндегі баяғы Жабайы батыс атанған аймақтарға қатты ұқсатады. Мұхит асып келген журналист жақында Павлодар мемлекеттік университетінде болғанында өз өмірінің басты мәні мен негізгі құмарлығы жылқы екенін ашып айтыпты. Университет сайтының жазуына қарағанда, Белл Ұлттық географиялық қоғам фотографтары шеңберінде жылқы деген жануардың нағыз білгірі саналады. Сондықтан, оның Қамбар ата ұрпағының тыныс-тіршілігі жайлы фоторепортаждар конкурстарында ылғи Гран-при жеңіп алып жүруі бір жағынан заңдылық та болып табылады. Америкалық мейман Қазақ­станда жылқының қатты қадір­ленетінін, оның қасиеттері туралы үнемі айтылып отыратынын көргенде, қатты қайран қалғанын жасырмай айтыпты. Ол сонымен бірге өзі тұратын Монтана штатындағылардың да жылқыны қатты құрметтейтінін, бірақ оның етін жемейтінін жеткізіпті. Дегенмен, қонақ қазақтардың көшпенділер ретіндегі ежелгі құндылықтарының бәрін жақсы бағалайтынын айта келіп, соның ішінде ұлттық тағамдары мен тамақтарын да ұнатып қалғанын білдіріпті. Райан Беллдің пікірінше, қазір бүкіл әлемге әйгілі болып отырған ковбойлық, яғни шабандоздық әрі атбегілік өнер өзінің бастауын тап осы қазақ даласынан алады. Ол кезінде жылқылардың көшпенділер бесігі – ұлы сахараның қатал таби­ғат жағдайында адамға нағыз серік болғанын айтып отыр. Мұрат АЙТҚОЖА