• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Еңбегіне лайық марапат

269 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның халық әртісі Сәбит Оразбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Нұрсұлтан Назарбаев С.Оразбаевтың М.Әуезов атын­дағы Қазақ мемлекеттік академия­лық драма театрында 50 жылдан аса жұмыс іс­те­генін, осы уақыт ішін­де 100-ден астам рөлді сомда­ғанын атап өтті. Мемлекет басшысы халық әрті­сінің қазақ театрының дамуы­­на куә болып, Қ.Бадыров, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев сын­­ды сахна саңлақтарымен бірге өнер көр­сеткеніне назар аударды. Кездесу барысында Қазақстан Президенті отандық театр өнері­нің дамуына қосқан елеулі үлесі, бейбітшілікті, достық пен қоғам­дық келісімді нығайтуға сіңірген еңбегі үшін С.Оразбаевты І дәре­желі «Достық» орденімен марапаттады. С.Оразбаев марапат үшін, сондай-ақ М.Әуезов атындағы театрды және жалпы театр өнерін дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан  Назарбаевқа алғыс айтты.