АСТАНА. 21 мамыр. Ауғанстанның солтүстігіндегі Баглан провинциясында лаңкестік әрекеттен 11 адам қаза тапты. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қаза тапқандардың арасында 5 бала бар. Сонымен қатар, 3 адам түрлі деңгейде жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы тым ауыр екенін мәлімдеді. Hama Press агенттігінің хабарлауынша, бір отбасы мінген көлік жол жиегіндегі жарылғыш зат орнатылған жерге тап келген. Экстремистік әрекетті әзірге ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ.
Мәліметтер бойынша, бұл елде жыл басынан бері содырлар шабуылынан 600 бейбіт тұрғын опат болып, 1300-ден астамы зардап шеккен.
Аян Әбдуәли.
Дерек: ТАСС.
Фото: 24.kz.