• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
21 Мамыр, 2016

Ақмола облысында жаңбыр егін егуге кесірін тигізгелі тұр

342 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 21 мамыр. Ақмола облысында егін егу науқаны аяқталмай жатып, өнімнің қар астында қалу қауіпі төніп тұр. Бұл туралы КТК телеарнасының ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұлай болатыны, облыстағы егістік алқаптардың тең жартысын әлі дән себілген жоқ. Оның үстіне, ауа-райына байланысты өңірде тұқым себу жылдағыдан сәл кеш қолға алынды. Ал жауын-шашын жалғаса беретін болса, жағдай тіпті нашарлап кетуі мүмкін. Осыны шамалаған диқандар жанталаса қимылдауда. Уақыт тым тығыз. Енді 10 күннің ішінде жұмысты аяқтап үлгермесе, бәрі де кеш болуы ықтимал. Қазір облыстағы ауа райы да егін егуге қолайлы болып тұр. Сондықтан диқандар уақытты құр жібермей күш салуда. Ондаған техника жыртылған алқапқа түрлі дақылдар егуді жалғастырып жатыр. Әсіресе, бидай алқаптың басым бөлігіне егілуде. Ал шаруалар науқан аяқталмайынша, күн райы бұзылып, жауын жаумаса деп тілеп отыр. Өйткені, науқан созылып кетеді. Бұлай болса, еңбек еш кетіп, өнім піспей қар астында қалуы мүмкін. «Былтыр жақсы өнім алдық. Бір бидайды далада қалдырмай жинадық. Биыл қалай болатынын айту қиын. Әйтеуір егіп жатырмыз. Қалғаны ауа райына байланысты. Ал, үкімет шаруаларды қарық қыламыз деп отыр. Жеңілдетілген несиеден бөлек, шаруашылыққа қажетті техниканы тиімді бағаға сатып алуға үлкен мүмкіндік бар екен», - дейді шаруа қожалығының басшысы Қасымбек Молдабеков. «Мемлекет тарапынан көрсетілген көмек жүзеге асуда.Осы күнге дейін ауыл шаруашылығы саласында жүрген адамдардан 1300-ден астам өтініш келіп түсті. Олардың барлығы мақұлданды. Жалпы соммасы 18 миллиардты құрап отыр», - дейді «ҚазАгроҚаржы» АҚ лизингтік және кепілдікпен қамтамасыз ету департаментінің директоры Ринат Кемешов. Бақберген Амалбек. Дерек, фото: КТК