• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2016

Йеменде лаңкестік әрекеттерден 40-тан астам адам қаза тапты

283 рет
көрсетілді

АСТАНА. 23 мамыр. Йеменнің Аден қаласында екі жарылыстың салдарынан 41 адам қаза тапты. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Ресми мәліметтер бойынша, лаңкестік әрекеттің алғашқысы генерал Абдалла Субейхи үйіне таяу маңда орын алған. Оқыс оқиғадан 34 адам опат болды. Ал Бадр әскери базасында жанкештінің өзін-өзі жарып жіберуінен 17 адам қаза тапты. Қазір оқиға орындарында тергеу амалдары жүріп жатыр. Зардап шеккендер ауруханаларға жеткізілді. Йеменнің үкіметі қазір уақытша Аден қаласында орналасқан. Оған Сауд Арабиясы өзінің одақтастарымен қолдау көрсетіп жатыр. Айта кетейік, бұл мемлекетте қақтығыс 2014 жылдан жалғасып келеді. Ал осы жылдың сәуір айында арнайы операция кезінде үкімет әскері 800-ден астам содырдың көзін жойды. Аян Әбдуәли. Дерек, фото: inform.kz.