• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
23 Мамыр, 2016

Шығыс Қазақстанда ХХ халықтық спорт ойындары өтуде (фото)

344 рет
көрсетілді

ӨСКЕМЕН. 23 мамыр. Шығыс өңірінде ХХ халықтық спорт ойындары өтуде. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ойындарда облыстың аудандары мен қалаларынан келген 19 команда 16 спорт түрі бойынша бақ сынайды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ақпарттық орталығына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Биылғы халықтық спорт ойындарының бағдарламасы түрлі этностардың 15 ойынының қосылуымен ерекшеленіп отыр. Бұл ойындардағы ұпайлар киіз үйлер байқауының ұпайына қосылмақ. Сонымен қатар, қалалық ипподром аумағында орналасқан этноауылда балалардың спорттық ойындарына арналған алаңдар орнатылған. «Восток» стадионында көрермендерді ХХ халықтық спорт ойындардың ашылуымен облыс әкімі Даниал Ахметов құттықтады. «Дәстүрлі халықтық спорт ойындары – бүкіл аймақ жұртшылығы асыға күтетін спорт мерекесі. Дені сау ұлт – мемлекет тірегі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүргізіп отырған саясаттың арқасында, халқымыздың денсаулығы мықты, ойы сергек болуына, бұқаралық спорттың дамуына барлық жағдайлар жасалды. Облысымызда тұрғындарды дене шынықтыруымен айналысуға шақыру бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Барлығы 3132 спорт ғимараттары мен 35 спорт мектебі халыққа қызмет көрсетеді. Биыл Семей қаласында жекпе-жек орталығы мен спортта дарынды балаларға арналған интернат ашылады», – деді аймақ басшысы. Ойын алауын волейболдан ұлттық құрама командасының мүшелері, «Алтай» волейбол клубының ойыншылары Дамир Әкімов пен Инна Матвеева жақты. Думан Анаш. Дерек, фото: Шығыс Қазақстан облысы ақпарттық орталығы.