• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Мамыр, 2016

Зейнетақы жинақтары 6 триллион теңгеден асты

280 рет
көрсетілді

2016 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 6,06 трлн. теңге болды. Зейнетақы жарналарының барлық түрі бойынша шарт­тардың жалпы саны 10,1 млн. бірліктен асты, оның ішінде мін­детті зейнетақы жарналары бойынша шарттар – шамамен 9,7 млн. бірлік. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 396 150 бірлік болды, ал ерікті зейнетақы жарналары бойынша – 39 183. 2016 жыл басынан бері алынған және салымшылардың жеке зейнет­ақы шоттарына бөлінген инвес­ти­циялық табыс – 139,04 млрд. теңге. БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша жылдық табыстылық (2015 жылғы сәуір – 2016 жылғы наурыз) ұқсас кезеңдегі 15,7% құнсыздану деңгейінде 16,9 %-ға жетті. 2016 жылғы 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығындағы кезеңде салымшылардың (алу­шы­лардың) жеке зейнетақы шоттарына шамамен 152,4 млрд. теңге түсті. Көрсетілген кезеңде БЖЗҚ жасаған зейнетақы төлемдері мен аударымдары – 60,67 млрд. теңге, оның ішінде сақтандыру ұйымдарына 4,81 млрд. теңге көлемінде аударымдар жасалды. «Егемен-ақпарат»