*Бүгін Астана экономикалық форумы ашылады
Бұған дейін хабарлағанымыздай, елордада еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі елеулі оқиға – Астана экономикалық форумы (АЭФ-2016) бүгін өз жұмысын бастайды.
Иә, Қазақстанның астанасына, «Жаңа экономикалық ақиқат: әртараптандыру, инновация және білім экономикасы» атты АЭФ-тың басты тақырыбын талқылау үшін әлемге танымал сарапшылар, саясаткерлер, ірі қаржы құрылымының жетекшілері, халықаралық ұйымдар басшылары, Нобель сыйлығының лауреаттары, ғалымдар жиналды.
Әлемді шайқалтқан қаржы дағдарысы, Орталық Азия және Кавказ елдері қаржы жүйесінің әлсіз жақтарын айқындап беріп, экономикасын едәуір әлсіретті. Осы елдердің бір бөлігі, ең алдымен, өздерінің қаржы-банк жүйелерінің үйлесімсіздігінен, сонымен бірге, сауданың қысқаруынан, әлемдік қаржы нарығында қаражат алу шарттарының күшеюінен көрінетін дағдарыс салдарларын қатты сезді. Орталық Еуразия мемлекеттерінің нарықтық экономикаларының тәуелсіз жұмыс істеуі, дамудың әртүрлі сценарийлерінің және қаржылық жаһандану жағдайларында жоғарыда аталған жүйелерді біріктірудің мүмкіндігін алдын ала анықтады.
АЭФ-2016 сессияларының бірқатары қаржылық және банк секторының даму болашағына, монетарлық саясатқа және капиталды бақылау тәртібіне арналады. Осылайша, «Әлемдік экономикадағы кешенді беймәлімдік пен құбылмалылық: Тұрақсыздықтың өскелең қатерлері» сессиясы барысында, бірнеше елдердің мысалында заманауи нақты жағдайдағы қаржылық және инвестициялық саясат мәселелерін талқылау жоспарлануда. Капиталды тиімсіз ғаламдық бөлу, инвестициялардың кешіктірілуі және жылдам дамитын нарықтардан капиталдың жылыстауы сияқты ағымдағы қауіп-қатерлерге баға беріледі. Спикерлер өздерінің әлемдік экономикадағы рыноктар мен реформалар арасындағы өзара қарым-қатынасы жөніндегі көзқарасын айтады.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы әкімшілігі» АҚ, «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығымен бірлесе отырып, «Қаржылық өсудің әлемдік тәжірибесі: «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға арналған механизмдер мен құралдар» сессиясын өткізеді. Мұнда АХҚО мүмкіндіктерін және АХҚО аймағына отандық және шетелдік инвестициялар ағымын ынталандыруды, АХҚО даму болашағын, сонымен бірге, шетелдік әлемдік қаржы орталықтарын құру және дамытудың жетістікті тәжірибесін қолдану мүмкіндіктерін талқылау жоспарлануда. Сарапшылар пікірі бойынша, елде «Астана» халықаралық қаржы орталығын құруды есепке алумен, Қазақстанның, тек аймақтық саудалық қана емес, сонымен бірге, ірі саудалық мәмілелер мен төлемдер жүзеге асырылатын қаржылық хаб болуға барлық мүмкіндіктері бар.
Форум алаңындағы маңызды тақырыптардың бірі банктер мен стартаптардың қаржылық технологияларының өзара қарым-қатынастары мәселелерін, мемлекеттің реттеу және қолдау, қаржылық технология құралдарын, сонымен бірге, Blockchain технологияларының мүмкіндіктері мен болжамды қатерлерін қамтитын «Қаржылық жаңа технологиялар» тақырыбы болады.
Форум барысында тұрақты даму және экологиялық қатерлер мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. БҰҰ Даму бағдарламасы сессиясын ұйымдастырушылар, тұрақты даму және жасыл экономика қағидаларын іске асыруға көшу бойынша Еуропалық одақ қалаларының оң тәжірибелерін көрсетуге, сонымен қатар, көрсетілген құралдарды, Қазақстанның су шаруашылығы саласына БҰҰ Даму бағдарламасы негізінде оңтайлы қолдануға мүмкіндік жасамақ.
Дәстүр бойынша форумның қонақтары арасында әртүрлі салалардағы Нобель сыйлығының лауреаттары бар. Биыл форумға экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары Эдвард Прескотт, Кристофер Писсаридес пен Томас Сарджент және басқа ғалымдар қатысуда. Астана экономикалық форумның «Spring Astana Economic School» арнайы бағдарламасы аясында Э. Прескотт, К.Писсаридес, Т.Сарджент лекциялары жоспарланды.
Динамикалық макроэкономикаға қосқан үлесі үшін 2004 жылы Нобель сыйлығының лауреаты атанған Эдвард Прескотт, АЭФ талқылаулары мен толық мәжілісіне ғана қатыспай, форум қатысушылары үшін лекция оқиды. Қазіргі кезде ол Миннеаполистің федералдық резервтік банкінде экономист және Аризона университетінің бизнес мектебінде профессор болып жұмыс істейді. Эдвард Прескотт математикадан бакалавр дәрежесін Суортмор-колледжінде, магистр дәрежесін Case-Western Reserve университетінде және доктор дәрежесін Карнега-Меллон университетінде алды. Ол «Economic Theory» бірлескен редакторы және Экономикалық зерттеулердің ұлттық бюросының ғылыми қызметкері, сонымен бірге, Экономикалық динамика қоғамының бұрынғы президенті болып табылады.
«Қазақстанның өсу стратегиясы» сессиясы барысында, экономика бойынша Нобель сыйлығының 2010 жылғы лауреаты Кристофер Писсаридес экономикалық өсудің заманауи трендтері мен экономикалық даму модельдері саласындағы сарапшы ретінде сөз сөйлейді. Ол экономикалық өсу стратегиялары саласындағы мәселелерді талқылау мен ұсыныстар жасауға, сонымен бірге, экономикалық дамуды ынталандыру механизмдерін жасау, енгізу және қолдану бойынша Қазақстан мен шетел мемлекеттері тәжірибелерін үйлестіруге қатысады. К.Писсаридес Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебінде экономика кафедрасының жетекшісі болып табылады. Сонымен бірге, сәйкес функциялар тұжырымдамасын жасауға қатысты және ең алғаш процестің эмпирикалық тәуелділіктерін анықтады. Экономика институты сыйлығының иегері.
АЭФ-2016 басты шаралары 10 халықаралық серіктестерімен, оның ішінде БҰҰ, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы, Халықаралық валюта қоры, Бүкіләлемдік банк, Еуропа Қайта құру және даму банкі, Азия даму банкі, Боао азиялық форумы хатшылығы және басқалармен бірлесе отырып, ұйымдастырылғанын ерекше атап өткен жөн.
«Егемен-ақпарат»