• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 15:42

Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты

30 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында ұрланған көлікпен жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан екі жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, ал бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті хабарлады, деп жазады Egemen.kz. 

Алдын ала мәлімет бойынша, 10 сәуір күні 35 жастағы ер адам Honda Inspire көлігін айдап әкеткен. Ол қарсы қозғалыс жолаққа шығып кетіп, қарсы бағытта келе жатқан Mercedes автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында қаза тапты. Ал Mercedes көлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Аталған оқиға бойынша, екі адамның өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Күдікті тергеу изоляторына қамалды

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

Соңғы жаңалықтар