ШЫМКЕНТ. 25 мамыр. Шымкент зообағында таңертеңгілік хайуанаттардың тұрағын тазалап жүрген 52 жастағы Серікбай Жүнісовтің саусағын аңдаусызда қоңыр аю қыршып алған. Бұл туралы еgemen.кz тілшісі хабарлады.
«Мен темір тордың айналасындғы адамдар аюға тастаған тамақ қалдықтарын жинап жатқанмын. Арқам ауырып кеткен соң бір қолыммен торды ұстап айнала беріп едім, не болғаныны түсінбей де қалдым», дейді Серікбай Жүнісов.
Саусағынан айырылған зообақ қызметкеріне дереу «жедел жәрдем» шақырылып, көмек көрсетілген. Серікбай Жүнісов өзін қалыпты сезінеді.
Тосын оқиға абыржытқанымен жеңіл құтылғанына разы екендігін жасырмайды.
Ал, зообақтың техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженері Ерғали Ерубаев қызметкерлердің барлық инструктаждан өткендігін, бұл оқиғаның аңдаусызда болғанын айтады.
Бақтияр Тайжан.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e