• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Әскери дәрігер

353 рет
көрсетілді

5 жасар бүлдіршінді өлім аузынан алып қалды Қойнауы кең Қордай ауда­нының жұртына осын­дағы Отар ауылы маңынан орын тепкен әскери бөлім­шелердің көмегі өте көп. Бұл бір жағы жұмыс көзі болса, бір жағы әскери бөлімшелердің техникасы да, мамандары да осы төңіректегі ауылдарға жәрдемін жиі тигізіп тұра­ды. Жақында 63302-әскери бөлімінің дәрігер­лері клиникалық өлім аузында жатқан қыз баланы құтқарып қалды. 5 жастағы Алина су толтырылған цис­тернаға құ­лап, тұншығып қалған екен. Оны тауып алғандар жақын маңда орналасқан емдеу меке­месіне, Отардағы 63302-әске­ри бөлімшесінің жекелеген медициналық жасағына жеткізген. – Қыз бала клиникалық өлім аузында жеткізілді. Оның тері қабаты сұп-сұр, суық болды. Демалуы мен жүрек қағысы болған жоқ. Көзінің қарашығы барынша кеңейіп кеткен. Оны бірден анестезия және жан сақтау бөлімшесіне алып кетті, – дейді медициналық бөлім бастығы, подполковник Абай Рысқұлов. Қазіргі уақытта жас қыз­дың жағдайы жақсы. Есін жиды, туыстарын тани бастады. Өздігінен тамақтанады, су іше алады. Бүлдіршінді өлім аузынан алып қалған медициналық бөлім бастығы Абай Рыс­құлов: «Бұл менің жұмы­сым. Біз бала, ересек, әске­ри қызметші немесе азамат­тық адам деп бөліп-жармай­мыз.  Біз үшін бірінші кезекте олардың барлығы емде­лушілер. Бізге жол-көлік апатынан зардап шеккендерді жиі әкеледі. Өйткені, жанымызда Алматы-Қордай тас жолы орналасқан. Оның үстіне барлық жақын орналасқан ауыл­дардың тұрғындары көмекке жүгінеді», дейді ағынан жарылып. Әйтсе де дәрігердің жан­кешті еңбегі басшылық тарапынан елеусіз қалмайды деген ойдамыз. Оралхан ДӘУІТ, «Егемен Қазақстан» Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар