• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Алғыр қыздың алғашқы кітабы

306 рет
көрсетілді

Англия баспасынан жарық көрмек Биыл күзде  Британияның «Hertfordshire Press» баспа үйінен Астана қаласының 11 жасар тұрғыны Маидэ Ақанның кітабы шығады. Бұлдіршін қыздың кітабы  «Aysu and a magic bag» («Айсу мен сиқырлы сөмке») деп аталады. Онда Айсу деген қыз туралы баяндалады. – Бұл кітапта Айсу мен табиғатты қорғайтын ғажайып құс туралы жаздым. Менің кейіпкерім ешқандай баладан ерекшеленбейді. Ол – табиғатты жақсы көретін қыз. Бір күні құрбыларымен ойнап жүргенде, ол ғажайып құсты кездестіреді. Құс адамның тілін біледі екен. Сол құс оған табиғатты қорғау туралы әңгімелер айтып қызықтырады. Содан кейін Айсудың қызықты хикаялары басталады. Ол құспен бірге экологияның тазалығы мен қоршаған ортаны қорғау үшін бәрін жасайды, – дейді кітаптың авторы. Қазір Маидэнің кітабына қызығушылар көбейіп жатыр. Енді осы жылы кітап жарыққа шықса, қолдан-қолға кететін түрі бар, дейді ағылшын баспасының мамандары. Британияда қазақ қызының еңбегіне осындай баға беріліп жатса, жас жазушыға тілектес болып, тек қуану керек.  Маидэ сонымен бірге, сурет салады, эко-дизайнмен айналысады. Оның AYBAG деп аталатын эко бренді бар. Бұл компания ересектер мен балаларға арналған экологиялық сөмкелер тігеді. Сөмкенің бетінде өзі салған суреттер бейнеленген. Ал кітаптың тұсаукесері  «V Open Eurasia and Central Asia Book Forum & Literature Forum» халықаралық әдеби фестивалінде өтеді деп жоспарланып отыр. Кітап 1000 данамен шығады. Дастан КЕНЖАЛИН, «Егемен Қазақстан»