• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Алматыда алып ағаш құлап, жеңіл көлікті басып қалды

308 рет
көрсетілді

АЛМАТЫ. 26 мамыр. Алматы қаласында Жандосов пен Қабланов көшесінің қиылысында таңертеңгісін өте биік алып көк терек құлады. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Салдарынан электр сымына ілінген бұта сынығы Renault маркалы жеңіл көлікті зақымдады. Дер кезінде шығып үлгерген жүргізуші аман қалды. Бұл жағдайға соңғы күндері толассыз жауған жаңбырдың әсері болған деген болжам бар. Оқиға орнына тез арада жеткен қалалық төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызмет көрсету саласының қызметкерлі ең алдымен электр желісін тұйықтап, көшені құлаған ағаштан тазартты. Полиция қауіпсіздікті қадағалады. Бір сағаттың ішінде Жандосов көшесімен жүретін троллейбустың жолы ашылды. Зақымданған Renault жеңіл көлігінің шығынын сақтандыру компаниясы мойнына алды. Талғат Сүйінбай. Дерек, фото: Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар