• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Қарағандылық оқушы Принстон университетінің грантына ие болды

406 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 26 мамыр. Қарағандыдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі Айжан Ахметжанова Princeton University (Принстон, АҚШ) толық грантына ие болып, шақырту алды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Айжан Ахметжанова мынадай халықаралық емтихандарды тапсырды: SAT Reasoning – 2140/2400, Physics, Maths, Chemistry – 800/800. TOEFL PBT -657/677, IELTS 8.5/9.0», – делінген хабарламада. Назарбаев зияткерлік мектебін химия-биология бағыты бойынша бітірген түлек АҚШ-та оқу өзінің бала күннен келе жатқан арманы екенін айтады. Университетте «Қала құрылысы инженериясы» мамандығы бойынша оқитын Айжан болашақта докторлық дәрежеге қол жеткізуді алдына мақсат етіп қойған. Айта кетейік, Принстон университеті әлемде Плюща лигасына енетін сегіз оқу орнының бірі. Қайрат Әбілдинов. Дерек, фото: Қарағанды облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы жаңалықтар