• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
26 Мамыр, 2016

Павлодар университетінде «ІТ-көктем» байқауы өтті

299 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 26 мамыр. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетте өңірдегі жоғары білім беретін оқу орындарының студенттері арасында «Университеттік ІТ-көктем» ІТ идеялардың шығармашылық байқауы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлайды. Байқауды университеттің математика және информатика кафедрасы ұйымдастырды. Мақсаты – қоғамның әр саласында компьютерлік бағдарламаларды дайындауда кәсіби біліктілікті қалыптастыру, инновациялық жобаларды енгізу. Жарысқа 12 команда қатысты. Нәтижесінде С. Торайғыров атындағы университет командалары бірінші орын иеленді. Ақпараттық жүйелер мамандығының магистранты Айдана Ерманова «Қоғамдық көліктегі бақылау жүйесі» жұмысымен жеңімпаз атанды. Тәттімбет Сейфолла, Абай Оразалиндерге «Андроид үшін мобильдік жобалары» екінші орын, үшінші орын ИНеУ студенті Виктория Медведеваға бұйырды. Ал, TKR GROUP серіктестігі ұсынған сыйлықты студент Диас Әнуарбеков алды. Фарида Бықай. Дерек: egemen.kz. Фото: Руфина Торпищева.
Соңғы жаңалықтар