АСТАНА. 26 мамыр. Орта салмақ дәрежесінде WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемдегі ең мықты 50 ер спортшының қатарына қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшііс хабарлады.
Осыған байланысты боксшы Sports Illlustrated басылымына алғысын айтты. «Sports Illustrated газетіне спорттағы ең мықты 50 спортшының қатарына қосқаны үшін алғыс білдіремін», деді ол Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Бұл рейтингте Головкин 12-ші орында тұр. Басылым спортшының күші, жылдамдығы, төзімділігі мен ширақтығы сияқты біліктіліктерін бағалап, тізім жасаған. Головкин осы тізімге енген жалғыз боксшы ретінде атақты Испанияның «Реал» клубының капитаны Серхио Рамос (48 орын), жүзгіш Майкл Фелпс (31 орын), футболдан Швеция құрама командасының шабуылшысы Златан Ибрагимович (27) сияқты спортшыларды басып озды.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитеті.
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e