АСТАНА. 26 мамыр. Бүгін Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның үш спортшысы финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Назым Қызайбай (48 кг), Дина Жоламан (54 кг) мен Валентина Хальзова (69 кг) жартылай финалда қарсыластарын ұтты. Чемпионатың түскі сессиясында рингке алғашқы болып Назым Қызайбай көтерілді. Ол Солтүстік Кореяның боксшысы Ян Гум Юді айқын басымдықпен жеңді. Енді ол жартылай финалда америкалық Марлен Эспарзаны ұтқан Қытай Ян Вангпен кездеседі.
54 кило салмақта Дина Жоламан да жартылай финалда қарсыласынан мықты болды. Ол қытайлық Ля Пяопяоны шаршы алаңның төрт бұрышына қуып жүріп сабады. Бұл кездесуде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Финалда Дина болгариялық Стока Петровамен қолғап түйістіреді.
Үшінші болып финалға 69 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан Валентина Хальзова шықты. Ол Германия спортшысы Надин Апетцті жеңді. Кездесуде неміс қызы қазақстандықтың соққыларына шыдай алмай, бесінші бұрышты іздеп, ақыр-соңында жеңілісін мойындады. Енді Валентина чемпиондық атақ үшін қытайлық Хонг Гюмен кездеседі.
Осы чемпионатта Олимпиаданың лицензиясын иеленген Жайна Шекербекова (51 кг) Британия боксшысы Никола Адамстан жеңіліп қалды.
Бүгін кешкі сессияда Шекербековадан кейін Айман Қожабекова (57 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (-81 кг) шаршы алаңға шығады.
Дастан Кенжалин.
Дерек, фото: egemen.kz
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e