• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Халықаралық құжаттар ратификацияланды

323 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен болған палата отырысында екі халықаралық құжат ратифицияланды. Палата Қазақстан мен Ресей арасындағы Ресей аумағында орналасқан Қазақстанның теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан аумағында орналасқан Ресейдің теміржол учаскелері бойынша тасымалдау төлемдерін төлеу және жүк тасымалдарын ресім­деу тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. 2012 жылғы 19 қыркүйекте Пав­лодарда жасалған Хаттама жоға­рыда аталған келісімнің 12 және 14-баптары алып тас­тауды көздейді. Енгізілген өзгерістер жүктерді тасымалдау кезінде келісілген саясатты жүргізуге және тарифтерді есептеуде екіұшты түсіндіруге жол бермеуге мүмкіндік туғызады. Сенаторлар Қазақстан мен Ха­лық­­аралық Қайта құру және Да­му банкі арасындағы Қарыз туралы ке­лісімді (Макро­экономикалық бас­қару және экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру саласындағы даму саясатын қаржыландыру бойынша бірінші кредит) де ратификациялады. 2016 жылғы 17 ақпанда Аста­нада жасалған Келісімнің мақса­ты макро­эко­номикалық және қар­жы­лық тұрақтылықты сақтау, кіріс­тердің тұрақты өсу қарқыны есе­бінен экономиканың тиімді және сапалы өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Келісімге сәй­кес ХҚДБ республикалық бюджет тап­­шы­лығын қаржыландыру үшін біз­дің елімізге 1 миллиард АҚШ дол­лары мөлшерінде қарыз береді. Қарыз қаражаты елдің әлеу­мет­тік-экономикалық дамуының негізгі басым­дықтарын қолдауға және эконо­миканы ынталандыру және экономикалық өсуге жәрдем­десу жөніндегі Үкіметтің страте­гия­лық шараларының орындалуына мүмкіндік береді. Қарыз 2,5 жыл­дық жеңілдік кезеңін қоса алғанда, 20 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Отырыс барысында сенатор Ж.Нұр­ғалиевтың «Агробизнес-2020» бағдар­ламасына республикалық бюджет­тен қосымша қаржы бөлу туралы, С.Ақыл­байдың жедел іздестіру қызме­тін құ­қық­тық реттеудің ғылыми тұжыры­м­да­масын және «Жедел іздестіру қызметі туралы» жаңа заң әзірлеу қажеттігі туралы, Е.Мұқаевтың санитарлық тұр­ғыда жоюға жіберілген, бруцеллез­бен ауырған ауыл шаруашылығы малының құнын өндіруге қосымша мақсатты трансферт бөлу тура­лы, М.Бақтиярұлының білім беру жүйесін кезең-кезеңімен ағыл­шын тіліне көшіру туралы, Р.Ахме­тов­тің Батыс Қазақстан облысын­да кіші авиация ұшуларын қалпына келтіруге қаржылай қолдау көрсе­ту туралы, Батыс Қазақстан облы­сын­дағы Киров – Шежін арнасын жаң­ғыртудың екінші кезеңін қаржы­лан­дыруды қолға алу туралы, Н.Ора­залиннің Қазақстан Рес­публикасы Пре­зиденті Іс бас­қар­масының Меди­циналық орталы­ғына еліміздің еңбек сіңір­ген әртіс­терін тіркеу туралы, Ж.Ер­ға­лиев­тың елді мекендерді радио­хабар­­ларын таратумен қамта­ма­сыз ету туралы, Ақмола облы­сы­­­ның Жар­­қайың ауда­нындағы ауыл ша­руа­­шылығы мекеме­ле­ріне жа­нар-жағармай жеткізу туралы «ҚарЭнерго-көмір» ЖШС-нің келі­сім­­шарт­ты орындамағаны туралы де­пу­тат­тардың сауалдары жария етілді. Ғабит ІСКЕНДЕРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»