• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Банктер қызметі тұрақты

255 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  «Сбербанк России» ААҚ президенті және басқарма төрағасы Герман Грефті қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында банк­тің Қазақстандағы қызметінің мәселелері, сондай-ақ, елдің қар­жы секторы мен банк жүйесін одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Елбасы «Сбербанк» Қазақстан нарығында 10 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, осы уақыт ішінде республиканың жетекші қаржы-несие мекемелерінің біріне айналғанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі кезде көптеген елдер мен қаржы институттары қиындық көріп отырғанын, проблемаларды шешу жолдарын бірлесе күш-жігер жұм­сау арқылы іздестірудің ма­ңыз­ды екенін атап өтті. Г.Греф Қазақстан Президентіне банк саласын дамыту мәселелеріне ұдайы көңіл бөліп отыратыны үшін ризашылық білдірді. – Қазіргі дағдарыс бізге жұ­мы­сымызда нені жақсарту керектігін сезінуге мүмкін­дік берді. Қиындықтарға қарамас­тан, банк қызметі былтырғыға қарағанда биыл айтарлықтай тұрақты болды. Жалпы, дағ­дарыс бізге таяу кезеңде елдегі жұмысымызға, атап айтқанда, тәуекел менеджементін жетіл­діру және соңғы технологиялар­ды анықтау саласындағы қыз­метімізге біршама өзгерту енгізу қажеттігін айқын аңдатып отыр, – деді Г.Греф.
Соңғы жаңалықтар