Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында кеше кешке дейін Назым Қызайбай (48 кг), Дина Жоламан (54 кг) мен Валентина Хальзова (69 кг) сынды спортшыларымыздың финалға шыққандары белгілі болды.
Жартылай финалда алғашқы болып Назым Қызайбай Солтүстік Кореяның боксшысы Ян Гум Юді айқын басымдықпен жеңді. Ол бірінші раундтан бастап айқас тізгінін өз қолына алып, оны соңына дейін уысынан шығармады. Енді Қызайбай ½ финалда америкалық Марлен Эспарзаны ұтқан Қытай қызы Ян Вангпен кездеседі.
54 кило салмақтағы Дина Жоламан да қарсыласынан мықты болды. Ол қытайлық Ля Пяопяоны шаршы алаңның төрт бұрышына қуып жүріп сабады. Бұл жекпе-жекте төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа берді. Финалда Дина болгар Стока Петровамен қолғап түйістіреді.
Рингке бізден үшінші болып 69 килоға дейінгі салмақта күш сынасқан Валентина Хальзова шықты. Ол Германия спортшысы Надин Апетцті жеңді. Кездесуде неміс қызы да Хальзованың соққыларына шыдай алмай, бесінші бұрышты іздеп, ақыр соңында жеңілісін мойындады. Енді Валентина чемпиондық атақ үшін қытайлық Хонг Гюмен кездеседі.
Кеше кешкі сессияда Жайна Шекербекова (51 кг), Айман Қожабекова (57 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалға шығу үшін шайқасты.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»
// o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e