• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2016

Қазақстаннан 4 боксшы чемпионат финалына шықты (фото)

176 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 мамыр. Астанада бокстан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының төрт боксшысы финалға шықты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ең жеңіл салмақта Назым Қызайбай жартылай финалда Солтүстік Корея боксшысы Гум Йонг Юді ұтты. Енді ол финалда америкалық Марлен Эспарзаны жеңген қытайлық Янь Ванмен кездеседі. 51 килоға дейінгі салмақта Жайна Шекербекова қарсыласынан ұтылды. Ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиаданың чемпионы ағылшын Никола Адамспен кездесіп, есе жіберді. Алайда, ширек финалда қарсыласын жеңіп, келесі айналымға шыққан соң Шекербекова Олимпиаданың лицензиясын алған болатын.  Олимпиадада Жайна осы боксшымен тағы кездесуі мүмкін. 54 килода Дина Жоламан да финалға шықты. Ол қытайлық Лю Пяопяоны айқын басымдықпен ұтты. Финалда Дина болгар Стойка Петровамен кездеседі. Болгария боксшысы америкалық Кристиа Крузды жеңді. Келесі салмақта Валентина Хальзова (69 кг) Германия боксшысы Надин Апетцтен айласын асырып, әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алды. Ол финалда фин қызы Элина Густафссонды қытайлық Хонг Гумен қолғап түйістіреді.  Қазақстан құрамасында төртінші болып Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) финалға шықты.  Ләззат ½ финалда Қытай спортшысы Ванг Шижиннен басым түсті. Бұл жекпе-жекте қазақ қызы қарсыласын әрең дегенде ұтты. Енді финалда Күнгейбаева АҚШ боксшысы Шадасия Гринмен әлем чемпиоы атағын сарапқа салады. Басқа елдің боксшыларынан финалда 51 кило салмақта Никола Адамс (Британия) таиландтық Пимвилай Лаопиммен, 57 килода италиялық Аллесия Месиано үнді Соня Латхермен айқасады. Соңғысы қазақстандық Айман Қожабекованы жеңіп, финалға шығып отыр. Осы додада бес дүркін әлем чемпионы Кэти Тэйлор (60 кг, Ирландия) жеңіліп қалды. Оны Франция өкілі Эстель Моссели ұтты. Енді Моссели ресейлік Анастасия Беляковамен кездеседі.  Келесі салмақта шешуші сында ирландиялық Келли Харрингтон (64 кг) мен қытайлық Венлу Янг жұдырықтасады. 75 кило салмақта Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдс (75 кг) тайпейлік Нин Чен Чинді, екінші жартылай финалда Фонтин Ноучка (Нидерланды) ағылшын Саванна Маршалл жеңді. Одан кейін қытайлық Янг Сиали (-81 кг) Фрэнчон Крюсті (АҚШ), австралияоық Кэй Скотт түрік қызы Элиф Гюнериді ұтып, финалға шықты. Финалдық жекпе-жектер бүгін түскі сағат 15.00-де басталады. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: kfb.kz Видео: Kazsport // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар