• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №249

297 рет
көрсетілді

2015 жылғы 27 наурыз, Астана қаласы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның мемлекеттік кәсіпорындарды басқаруды, акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталдарына мемлекеттік қатысу үлестеріне иелік ету және оны пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы М.ҚҰСАЙЫНОВ. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі ___________ Б.СҰЛТАНОВ 2015 жылғы 1 сәуір Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің және мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 13-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларды қоспағанда, мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың (бұдан әрі - АҚ), жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің (бұдан әрі - ЖШС) және мемлекеттік кәсіпорындардың (бұдан әрі - МК) даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингілеу мен бағалау тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) ұйымдар - мемлекет бақылайтын АҚ және ЖШС, мемлекеттік кәсіпорындар, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорындар; 2) мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі - бірыңғай оператор), - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалған, мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру мен есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға; 3) даму жоспары (бұдан әрі - даму жоспары) - МК, АҚ мен мемлекетке тиесілі акцияларының бақылау пакеті (жарғылық капиталға қатысу үлесі) ЖШС қызметтерінің негізгі бағыттары мен қаржы-шаруашылық қызметтің көрсеткіштерін айқындайтын құжат; 4) атқарушы орган - атауы ұйымның жарғысымен айқындалатын атқарушы органның функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын алқалы орган немесе тұлға; 5) тиісті саланың уәкілетті органы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін орталық атқарушы орган; 6) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) - облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган; 7) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар - акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін, мемлекеттік заңды тұлғалар құқығының субъектілерін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыруға, оның ішінде шешімдер қабылдауға өкілеттіктер берілген басқармалар (бөлімдер). 2. Даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібі 3. Даму жоспары бесжылдық кезеңге бір рет әзірленеді және Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында, аумақтарды дамыту бағдарламасында баяндалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі тұрғысынан тиісті саланың уәкілетті органымен немесе жергілікті атқарушы органмен (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келісіледі. 4. Даму жоспарын әзірлеу құрылымға, нысандарға, осы Қағидалардың 1-28-қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша көрсеткіштер тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. 5. Ұйымның даму жоспары мақсаттарды, міндеттерді, нәтижелер көрсеткіштерін және инвестицияларды қоса алғанда, қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі біріктірілген және біріктірілмеген көрсеткіштерін, кірістерді, шығыстарды, қарыздарды, дивидендтерді (таза кірістің бюджетке аударылатын бөлігі), қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерін басқа да мәліметтерді қамтиды. 6. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін тиiстi салалардың уәкiлеттi органдарын қоспағанда, мыналарды: 1) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген мақсаттарға қол жеткізуге және міндеттерді орындауға алып келетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін; 2) мемлекеттiк органның (жергiлiктi атқарушы органның) стратегиялық жоспарында (аумақты дамыту бағдарламасында) көрсетiлген оның мақсаттары мен міндеттерін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерді әзiрлейдi және жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн ұйымға жеткiзедi. Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегі және сападағы өнiмдi (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсыну, сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн ұсынылған өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) тиiмдiлiгi) көрсетеді. Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келу дәрежесі) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнін қамтиды. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайларда тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде ұйым үшін мақсаттар мен міндеттерді, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерді нақтылайды. 7. Тиiстi саланың стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін уәкiлеттi органдары жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың бiрiншi қыркүйегiне дейiн: 1) тиiстi саланың уәкiлеттi органының өз бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген бюджеттік бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізуге және міндеттерді орындауға әкелетін ұйым қызметінің мақсаттары мен міндеттерін; 2) тиiстi саланың уәкiлеттi органының өз бюджеттік бағдарламасында көрсетiлген оның мақсаттары мен міндет­терін орындау бойынша ұйымның қызметiн сипаттайтын санмен өлшенетін түйiндi көрсеткiштерін ұйымға жеткiзедi. Түйiндi көрсеткiштер тiкелей нәтижелердi (белгiлi бiр көлемдегi және сападағы өнiмдi (жұмыстарды, қызметтердi) ұсыну, сондай-ақ түпкiлiктi нәтижелердi (оларды алушылар үшiн өнiмді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi) ұсынудан болатын тиiмдiлiк) көрсетеді. Түйiндi көрсеткiштер сапа көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) оны алушылардың үміттеріне сәйкес келуіне) және тиімділік көрсеткiштерін (өнiмнiң (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердiң) өндірілетін бірлігіне пайдаланылатын ресурстарды төмендету) заттай немесе құндық мәнінде қамтиды. Бюджеттік бағдарламаға өзгерістер немесе толықтырулар енгізілген немесе жаңа редакцияда бекітілген жағдайда тиiстi саланың уәкiлеттi органы бюджеттік бағдарламаға өзгерістер мен толықтырулар енгізілгеннен кейін немесе жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін бір айдың ішінде ұйымның мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ түйiндi көрсеткiштерін нақтылайды. 8. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарын, сондай-ақ даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді әзiрлеудi бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы мынадай тәртіппен жүзеге асырады: 1) бiрiншi жыл: бiрiншi жоспарланатын жылдың қаржы-шаруашылық қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерi толық (таратылып) жазылады, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бөлiнiсінде көрсетiледi; 2) екiншi жыл: бiрiншi жылдың бағалануы, екiншi жыл толық (таратылып) жазылып, жоспарланатын келесi жылдары жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде; 3) үшiншi жыл: бiрiншi жылдың фактісі мен екiншi жылдың бағалануы, үшiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде; 4) төртiншi жыл: бiрiншi, екiншi жылдардың фактісі және үшінші жылдың бағалануы, төртiншi жыл толық жазылып (таратылып), келесi жылдар жиынтықталып (жинақталып), енгiзiлетiн түзетулердi көрсете отырып, жылдар бойынша бөлiнісі түрінде; 5) бесiншi жыл: бiрiншi, екінші, үшінші жылдардың фактісі және төртiншi жылдың бағалануы, бесiншi жыл толық жазылып (таратылып) енгiзiлетiн түзетулердi көрсетеді. Даму жоспарында жиынтықталған көрсеткiштер, оның ішінде мақсаттарға және мiндеттерге қол жеткізу бойынша көрсеткіштер, түйiндi көрсеткiштер көрсетіледі. Даму жоспарына түсіндірме жазба түзетулерді ескере отырып, өткен жылдардың жыл сайынғы бағалануын және жоспарланған кезеңнің аяғына дейін алдағы кезеңнің жиынтықталған көрсеткiштерiнің негіздемесін қамтиды. Егер даму жоспарына енгізілетін түзетулер жиынтықталған көрсеткiштерге қатысты болмаса, олар бүкіл жоспарланатын кезеңге өзгеріссіз қалады. Тиiстi жоспарланатын кезеңге арналған даму жоспарын әзiрлеудi жаңадан құрылған ұйымдар үшін осы ұйым әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап бiрыңғай оператор әзiрлеген бағдарламалық қамтамасыз етудi пайдалана отырып, ұйымның атқарушы органы жүзеге асырады. 9. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың бiрiншi қазанына дейiн тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) даму жоспарының жобасын, сонымен қатар жыл сайынғы түзетулерді (даму жоспарының екінші - бесінші жылдары) қарауға және келiсуге жiбередi. Байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының жобасын тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) келiсуге енгiзбестен бұрын оны алдын ала байқаушы кеңеспен келiседi. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының жобасы түскен күннен бастап оны он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда атқарушы орган он жұмыс күні ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және тиісті саланың уәкілетті органына немесе жергілікті атқарушы органға (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) қайтадан келісуге жібереді. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландыратын атқарушы орган) пысықталған даму жоспарының жобасын он жұмыс күнi iшiнде қарайды. 10. Атқарушы орган жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың он бесінші қарашасына дейін келісілген даму жоспарының жобасын акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің) қарауына енгізеді. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесі) даму жоспарының жобасын ол келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган он күнтізбелік күн ішінде даму жоспарының жобасын пысықтайды және оны акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің) қарауына қайтадан ұсынады. Акционерлік қоғамның директорлар кеңесі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесі) пысықталған даму жоспарының жобасын күнтізбелік он күн ішінде қарайды. 11. Даму жоспарын, сондай-ақ бекітілген даму жоспарының түзетулерін акционерлiк коғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқаушы кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша тиiстi саланың уәкiлеттiк органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жоспарланатын кезеңнiң алдындағы жылдың жиырма бесiншi желтоқсанына дейiн бекiтедi. 12. Ұйым даму жоспары бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұйымның ұлттық куәландырушы орталық берген электронды цифрлық қолтаңбасы қойылған және бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып электронды түрде даму жоспарын бекіткені туралы есепті жібереді. Есеп акционерлік қоғамның директорлар кеңесінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесінің, тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) сканерленген шешімін қоса тіркеумен тізілімге қосу үшін бірыңғай операторға жіберіледі. 13. Бiрыңғай оператор есеп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті Мемлекеттік мүлік тiзiлiміне енгізгені туралы немесе есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарламаны ұйымның электрондық мекенжайына жібереді. Мыналар: 1) есепке тіркелген осы Қағидалардың 12-тармағында көрсетілген басқару органының даму жоспарын бекіту туралы сканерленген шешімінің болмауы; 2) есепке ұйымға тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбаның қойылуы ұйымның есебін қабылдаудан бас тартуға негіздеме болып табылады. Бiрыңғай оператор электрондық есепті қабылдаудан бас тартқан жағдайда, ұйым ескертулерді жояды және есепті қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде электрондық есепті қайтадан бiрыңғай операторға жібереді. 14. Даму жоспарын түзетуге жарты жылда бір рет қана жол берiледi: Атқарушы орган жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей даму жоспарының өзгертілген жобасын тиісті негіздемелерімен қоса, акционерлiк коғамның директорлар кеңесiнің, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң байқаушы кеңесiнің, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органының (жергiлiк­тi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) қарауына енгізеді. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқаушы кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады. Жартыжылдық аяқталатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей, акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқаушы кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорынның тиiстi саласының уәкiлеттi органына (жергiлiктi атқарушы органға немесе жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) түзетілген даму жоспарын бекітеді. Даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге: 1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң елдегi жағдай мен iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi бағыттары туралы Қазақстан халқына Жолдауына, мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң құжаттарына енгiзiлетiн өзгерiске, сондай-ақ ұйымның қызметiне елеулі әсерi бар iшкi және сыртқы ортаның өзгеруiне; 2) ұйым қызметiнiң негiзгi бағыттарының өзгеруiне; 3) мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарына (аумақты дамыту бағдарламасына) өзгерістер мен толықтырулар енгізілуіне немесе көрсетілген құжаттарды жаңа редакцияда қабылдауға, оның ішінде мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң, мемлекеттiк кәсiпорындардың бюджеттен қаржыландырылуына немесе бюджеттік кредиттеуге байланысты жағдайларда жол беріледі. 15. Жыл сайын атқарушы орган акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқаушы кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) тиiстi негiздемелерiмен қоса, даму жоспарының (даму жоспарының екінші-бесінші жылдары) түзетiлген жобасын қарауға ұсынады. Даму жоспарының түзетілген жобасы даму жоспарының алдыңғы жылдарда іске асырылуын бағалау туралы ұсыныстарды, жоспарланатын кезең аяқталғанға дейін даму жоспарының жиынтықталған көрсеткiштерiн қамтиды. Байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргiзу құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорындарда атқарушы орган даму жоспарының түзетiлген жобасын, оны тиiстi саланың уәкiлеттi органымен немесе жергiлiктi атқарушы органмен (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органмен) келiсуге енгiзгенге дейiн, байқаушы кеңеспен алдын ала келiседi. Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктің байқаушы кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының түзетiлген жобасын тиiстi негiздемелерiмен қоса келiп түскен күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарайды. Ескертулер болған жағдайда, атқарушы орган бес жұмыс күнi iшiнде даму жоспарының түзетiлген жобасын пысықтайды және оны акционерлiк қоғамның директорлар кеңесiне, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқаушы кеңесiне, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органына немесе жергiлiктi атқарушы органға (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органға) қайтадан ұсынады. Акционерлiк қоғамның директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң байқаушы кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) даму жоспарының пысықталған жобасын он күн iшiнде қарайды. 16. Атқарушы орган даму жоспарына түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде электронды есепті осы Қағидалардың 12 және 13-тармақтарына сәйкес тізілімге енгізу үшін бірыңғай операторға беруді қамтамасыз етеді. 3. Даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу және бағалау 17. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының (Аумақтарды дамыту бағдарламасының) көрсеткіштерін орындау туралы ақпаратты талдау және жалпылау және қаржы-шаруашылық қызмет көрсеткіштерін орындау мақсатында жүзеге асырылады. 18. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері директорлар кеңесi, байқаушы кеңесi, мемлекеттiк кәсiпорындар бойынша – тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есебін бекіткеннен кейін жыл сайын отыз күнтізбелік күннің ішінде жүргізіледі. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу даму жоспарының және директорлар кеңесi, байқаушы кеңесi, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) бекіткен ұйымның даму жоспарын орындау жөніндегі есеп негізінде жүргізіледі. 19. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу: 1) қызметтің жоспарланған және нақты қол жеткізілген түйiндi көрсеткiштері, оларға қол жеткізілмеу себептері туралы ақпаратты; 2) еркін түрде жазылатын және мынадай мәліметтерді: есепті кезеңде даму жоспарын іске асыру қорытындылары туралы қызметтің түйiндi көрсеткiштері, мақсаттары мен міндеттері бөлінісінде, оның ішінде оларға қол жеткізілу дәрежесі туралы (нақты нәтижелердің жоспарланғандардан ауытқулары болған жағдайда, түпкілікті нәтижелерге әсер еткен себептер мен факторларды ашып көрсету қажет); даму жоспарын іске асыру процесінде туындаған проблемалар, олардың қызметтің мақсаттары мен түйiндi көрсеткiштеріне әсері, сондай-ақ анықталған проблемаларды шешу мен даму жоспарының уақтылы іске асырылуын қамтамасыз ету жөнінде қабылданған шараларды қамтитын талдамалық жазбаны; 3) ұйымның даму жоспарын іске асыруды жалғастыру жөніндегі, ұйымның даму жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, жауапты орындаушылардың жоспарланған іс-шараларды уақтылы іске асыруды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауы және басқа да ұсынымдарды; 4) қажет болған жағдайда жекелеген мақсаттарды, міндеттерді, іс-шараларды, ресурстарды қайта бөлуді, тиімсіз болған іс-қимылдарды тоқтатуды қайта қарауды және проблемаларды шешу мен осал жерлерін жөндеуде жаңа тәсілдер әзірлеуді қамтиды. 20. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган), мемлекет бақылайтын акционерлiк қоғамдардың және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктердiң директорлар кеңесі (байқаушы кеңесi) ұйымның даму жоспарының мақсаттарына, міндеттеріне, көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында мониторингілеу нәтижелерін пайдаланады. 21. Тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) мониторингілеу нәтижелерін, осы Қағидалардың 29-қосымшасына сәйкес «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді (қол қойылған және мөрмен расталған қағаз түріндегі қорытындының сканерленген көшірмесін қоса бере отырып) пайдалана отырып, электронды түрде тізілімге қосу үшін жібереді, оларға тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы орган (жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның) басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады. Бiрыңғай оператор мониторингілеу нәтижелері түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның электрондық мекенжайына мониторингілеу нәтижелерінің тiзiлiмге енгізілгені туралы немесе оны қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама жібереді. Тиiстi саланың уәкiлеттi органының немесе жергiлiктi атқарушы органның осы Қағидаларда көрсетілген талаптарды бұзуы бiрыңғай оператордың мониторингілеу нәтижелерін қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Бiрыңғай оператор мониторингілеу нәтижелерін қабылдаудан бас тартқан жағдайда, тиiстi саланың уәкiлеттi органы немесе жергiлiктi атқарушы орган ескертулерді жояды және мониторингілеу нәтижелерін қабылдаудан бас тарту туралы хабарлама алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мониторингілеу нәтижелерін бiрыңғай операторға қайтадан енгізеді. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын мониторингілеу нәтижелері мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін бағалау кезінде пайдаланылады. 22. Мемлекет бақылайтын АҚ мен ЖШС даму жоспарының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен кейін, олардың директорлар кеңесі, байқаушы кеңесі, мемлекеттік кәсіпорындар бойынша - тиісті саласының уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады. 23. Ұйымның даму жоспарының іске асырылуын бағалау көрсеткіштерінің тізбесі: 1) ұйымның даму жоспарының орындалуын елдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарының орындалуына сәйкестігіне; 2) ұйым қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің орындалуын; 3) инвестициялық (инновациялық) жобалардың іске асырылуын; 4) корпоративтік басқаруды; 5) басқа да мақсаттардың, міндеттердің орындалуы және ұйымның бекітілген даму жоспарында көрсетілген қызметтің болжанатын түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалауды қамтиды. 24. Ұйымның даму жоспарын іске асыруды бағалау нәтижелерін атқарушы орган бірыңғай операторға даму жоспарының іске асырылуын бағалау бекітілгеннен кейін бес күн ішінде акционерлік қоғамның директорлар кеңесі, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің байқаушы кеңесі, тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) шешімінің сканерленген көшірмесімен қоса ұсынады. 25. Қарыздар тартылған жағдайда ұйымдар осы Қағидалардың 30-қосымшасына сәйкес ұйымның атқарушы органының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған «Есептілікті тапсырудың бірыңғай жүйесі» бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, тізілімге қосу үшін қарыздар мен уақытша бос қаржы құралдары туралы ақпаратты электронды түрде жолдайды. Қарыздар тартқан кезде акционерлiк қоғамдар үшін директорлар кеңесi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер үшін байқаушы кеңес, мемлекеттiк кәсiпорындар үшін мемлекеттік басқару органы бекітетін тәуекелдерді басқару саясатын ұйымдар әзірлейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына 1-қосымша Даму жоспардың құрылымы 1. Титулдық парағы 2. Ұйым паспорты 3. Ұйымдық құрылымы 4. Корпоративтік құрылым 5. «Даму көрсеткіштері» бөлімі Тараулар «Мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер Іске асыру бағдарламасы 6. «Агрегирленген көрсеткіштер» бөлімі Тараулар Қаржы-шаруашылық қызметтің негізгі көрсеткіштері Шығыстар Инвестициялық (инновациялық) жоспар Үлестік құралдарды сатып алу 7. «Жоспарланатын жылдың көрсеткіштері» бөлімі Тараулар Активтер Қаржыландыру көздері Персонал Талаптар Міндеттемелер Ақшаның түсуі Ақшаның кетуі Активтерді сатып алу (құру) Дайын өнімнің қалдықтары Өндіріс жоспары Негізгі өндірістің шығындары Қосымша өндіріс Қосымша шығыстар Табыстар Әкімшілік шығыстар Сыйақылар бойынша шығындар Өзге шығыстар Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер 8. «Түсіндірме жазба» бөлімі Тараулар Ағымдағы жағдай Мақсаттар, міндеттер және түйінді көрсеткіштер Іске асыру бағдарламасы Дивидендтер (таза табыстың бөлігін тарату) Қызметтің көрсеткіштері Инвестициялық (инновациялық) жоспар Персонал Ақша Дайын өнімнің қалдығы Өндіріс жоспары Өндіріс шығындары Табыстар Әкімшілік шығындар Сыйақылар бойынша шығындар Өзге шығындар Салықтар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер Тәуекелдер Ескертпе: егер мұндай толықтыру Ұйымның мақсаттарын, міндеттерін, түйінді көрсеткіштерін, қаржылық-шаруашылық қызметі көрсеткіштерін және басқада мәліметтерді ашуға қажет болған жағдайда, Даму жоспары өзге бөлімдермен, тараулармен, параграфтармен және қосымшалармен толықтырылуы мүмкін, егер мұндай толықтыру Даму жоспарын бөлімдермен, бөлімдерді тараулармен, ал тарауларды параграфтармен толықтырған жағдайда, әрбір қосымша ұсынылатын бөлімнің және (немесе), тараудың және (немесе) параграфтың тиісті белгісі ( «бөлім», «тарау», «параграф»), сондай-ақ атауы болуы тиіс. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына 2-қосымша Паспорт Нысан Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық форма атауы № Атауы Ақпарат 1 Мекенжай деректемелер Заңды Нақты 2 индекс 3 облыс 4 қала (кент) 5 көше (ықшам-аудан) 6 үй 7 кеңсе 8 Байланыс телефондары …. …. 9 …. …. 10 Электрондық мекенжай (e-mail), веб-сайт 11 БИН (бизнес-индентификациялық нөмірі) 12 КҰЖС бойынша идентификациялық код (Кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы сыныптамасы) 13 ЭҚЖС бойынша қызметтің түрі (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптамасы) 14 Тиісті саланың уәкілетті органының атауы 15 Қысқаша тарихы: сәйкес Ұйым құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 16 …. …. …. 17 № 18 Қызмет түрлері (Жарғыға сәйкес) …. 19 …. 20 …. 21 Әділет органдарында тіркеу күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) № 22 …. …. …. …. 23 Қайта тіркеу (соңғы) күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) № 24 …. …. …. …. 25 Табиғи монополияның субъектісі болып табылама табиғи монополия саласы …. 26 реттелетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрлері …. 27 Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне қосу негізі …. 28 Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектісі болып табылама Қызметтің түрі Географиялық шекаралары 29 …. …. 30 …. 31 …. …. 32 Табиғат пайдаланушы болып табылама Табиғат пайдалану құқығына лицензия және (немесе) рұқсат, лицензия және (немесе) рұқсат берген орган …. 33 бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 34 …. …. …. 35 № …. 36 Табиғат пайдалану құқығына шешім, шешімді қабылдаған орган (ҚР Үкіметі, СІМ) бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 37 …. …. …. 38 № …. 39 Табиғат пайдалану құқығына келісімшарт (келісім), келісім жасаған орган бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 40 …. …. …. 41 № 42 Табиғат пайдалану сипаттамасы тұрақты уақытша 43 иеліктен шыға-рылатын иеліктен шығарыл-майтын 44 бастапқы туынды 45 қайта-рымды қайтарымсыз 46 Жер қойнауын пайдаланушысы болып табылама Жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар Операция түрі …. 47 Келісімшарт жасаған (рұқсат берген) орган …. 48 Келісімшарт (рұқсат) бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 49 …. …. …. 50 № …. 51 Операция түрі …. …. 52 Келісім жасаған (рұқсат берген) орган …. 53 Келісімшарт (рұқсат) бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 54 …. …. …. 55 № 56 Су пайдаланушысы болып табылама Суды пайдалану құқығына рұқсат, рұқсат берген орган …. 57 бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 58 …. …. …. 59 № …. 60 Су пайдаланудың сипаттамасы тұрақты уақытша 61 алынатын алынбайтын 62 бастапқы екіншілік 63 Жер пайдаланушысы болып табылама Жерді пайдалану құқығына шешім, шешімді қабылдаған орган …. 64 бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 65 …. …. …. 66 № 67 Жер пайдаланушының сипаттамасы тұрақты уақытша 68 иеліктен шығары-латын иеліктен шығарыл-майтын 69 бастапқы екіншілік 70 қайта-рымды қайтарымсыз 71 Орман пайдаланушысы болып табылама орманды ұзақ мерзімді пайдалану Орманды пайдалануға тендердің нәтижелері туралы хаттама (келісімшарт), келісімшартты жасаған орган …. 72 бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 73 …. …. …. 74 № 75 орманды уақытша пайдалану Орман билеті, оны берген орган …. 76 бастап күн (КК) ай (АА) жыл (ЖЖЖЖ) 77 …. …. …. 78 № 79 Жарғылық капитал, мың теңге жарғыға сәйкес 80 төленген 81 Акциялар саны Хабарланғаны Орналасты-рылғаны Сатып алынғаныА 82 Барлығы 83 оның ішінде Жай акциялар Барлығы 84 оның ішінде мемле-кеттік меншікте Х Х 85 жеке меншікте Х Х 86 Басым акциялар Барлығы 87 оның ішінде мемле-кеттік меншікте Х Х 88 жеке меншікте Х Х 89 Бір акцияның құны мен табыстылығы 20ХХ-2 (есептік қаржылық жылдың фактісі) 20ХХ-1 (ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы) 90 Бір акцияның құны 91 Бір акцияның табыстылығы жалпы 92 мемлекеттік тапсырысы бойынша және өнімдерді мемлекеттік мекемелерге сатудан түсетін табыстарды есепке алмағанда 93 Тіркеуші туралы мәліметтер Ұйымдық-құқықтық нысан атауы мекенжай лицензия байланыстары 94 берілген күні (КК.АА. ЖЖЖЖ) нөмірі Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) телефон 95 96 Жарғылық капиталдағы үлесі (ЖШС), % Барлығы 97 оның ішінде мемлекеттік меншікте 98 жеке меншікте 99 ЖШС немесе мемлекеттік мекемеге инвестицияланған қаражаттың табыстылығы 20ХХ-2 (есептік қаржылық жылдың фактісі) 20ХХ-1 (ағымдағы қаржылық жылдың бағалауы) 100 Инвес-тицияланған қаражаттың табыстылық коэффициенті жалпы 101 мемлекет тапсырыс бйоынша және өнімді мемлекеттік мекемелерге сатудан түсетін табыстарды есепке алмағанда 102 Пайдалануы шектеулі мүлік пен шектеу салынған мүлік мың теңге % теңгерімдік құнынан Өкім шектелген ак (шектеуді салу негіздемесі болып келетін құжат) Шектеу салынған субъект 103 Барлығы …. …. Х Х 104 оның ішінде жер …. …. …. …. 105 …. …. …. …. 106 ғимараттар мен қрылыстар …. …. …. …. 107 …. …. …. …. 108 машиналар мен жабдық …. …. …. …. 109 …. …. …. …. 110 …. …. …. …. …. Атқарушы орган басшысының лауазымы Қолы Аты-жөні және тегі Ұйымның мөрінің орны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына 3-қосымша Нысан Корпоративтік құрылым Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) Ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысан атауы Ағымдағы қаржылық жылды бағалау Еншілес ұйымдар Бірінші деңгейлі ұйымдар Екінші деңгейлі ұйымдар Үшінші деңгейлі ұйымдар Төртінші деңгейлі ұйымдар ҰҚН БИН атауы % акцилар (қа-тысу үлестері) ҰҚН БИН атауы % акциялар (қатысу үлестері) ҰҚН БИН атауы % акциялар (қатысу үлестері) ҰҚН БИН атауы % акциялар (қатысу үлестері) ҰҚН БИН атауы % акциялар (қатысу үлестері) …. …. ….. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. Ұйыммен қалыптастырылатын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің саны ҰҚН Еншілес ұйымдар Бірінші деңгейлі ұйымдар Екінші деңгейлі ұйымдар Үшінші деңгейлі ұйымдар Төртінші деңгейлі ұйымдар Барлығы АҚ …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. ЖШС …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. …. Бар-лығы Атқарушы орган басшысының лауазымы Қолы Аты-жөні және тегі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 27 наурыздағы № 249 бұйрығымен бекітілген Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, сондай-ақ оларды іске асырудың мониторингі мен оны бағалау қағидаларына 4-қосымша Нысан Бекітілген дан күн ай жыл КК АА ЖЖЖЖ № Даму жоспары бекітілген құжаттың атауы Ұйымның мөрін қою орны Тиісті саланың уәкілетті органы (жергілікті бюджеттен қаржыдандырылатын атқарушы орган) Ұйым ұйымдастырушылық-құқықтық нысан атауы жоспарланатын кезең бастап ЖЖЖЖ дейін ЖЖЖЖ «Даму көрсеткіштері» бөлімі «Мақсаттар, міндеттер және басты көрсеткіштер» тарауы Тиісті саланың уәкілетті органы (жер