• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
28 Мамыр, 2016

Қосымша шығындар талап етілмейді

350 рет
көрсетілді

Кеше Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетовтің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Онда алдағы жалпы отырыс­тың күн тәртібі қаралып, ха­лық қалаулылары талқысына «Тәуелсіз Мемлекеттер Дос­­тас­­тығына қатысушы мем­лекет­тердің аумақтарында бірлескен жедел-тергеу топтарын құру тәртібі және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ұсыну жос­парланып отыр. Бұл келісім 2015 жылғы 16 қазанда Бура­бай кентінде жасалған. Онда тарап­тар­дың құзыретті органдарының іс жүр­гізуін­дегі екі және одан көп тараптың аума­ғында дәлелдемелерді ұсыну не процес­тік әрекеттерді және жедел-іздестіру іс шараларын жүргізу қажет болатын қылмыстық іс­тер бойынша өзара байланысты қылмыс­тар­­ды ашу және тергеп тексеру үшін тарап­тар­дың аумақтарында бірлескен жедел-тер­геу топ­тарын құру, олардың қыз­ме­ті жә­не қыз­­метін тоқтату мәселелерін реттеу көзделеді. Келісім ратификацияланған жағдайда оны іске асыру теріс әлеуметтік-эконо­микалық жә­не құқықтық салдарға әкеліп соқ­тырмайды, сондай-ақ, ре­спу­б­ликалық бюджеттен қосымша шығындарды талап етпейді.