• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2016

Көкшетауда бірнеше күннен бері аэропорт жабылып тұр

236 рет
көрсетілді

КӨКШЕТАУ. 29 мамыр. Ақмола облысының орталығындағы аэропорт мамандандырылған әкімгершілік сотының шешімімен бірнеше күннен бері жабық тұр. Бұл туралы облыстық сот баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Сот қаланың әуе қақпасын 10 күн мерзімге жапқан болатын. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, соттың аэропорттың иесі болып табылатын «Көкшетау авиакомпаниясы» АҚ іс-әрекетін тоқтату туралы шешімі авиациялық қауіпсіздік талаптарының бұзылуына байланысты 1 ақпанда қабылданған. Мемлекеттік бақылау және тексеру органдарының заңды талаптарын, ұсыныстарын, қаулыларын орындамағандары үшін авиакомпанияның лауазымды тұлғаларына 200 есепті айлық көлемінде айып пұл салынған. Сонымен бірге аэропорттың жұмысы 10 күнге тоқтатылған. Бұл шара 20 мамырдан басталды. Енді 30 мамыр күні әуе қақпасы қайтадан өзінің жұмысын жалғастырады. Бақберген Амалбек. Дерек: Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.