АСТАНА. 29 мамыр. Украинаның Киев қаласындағы жекеменшік қарттар үйі өртеніп, 17 адам қаза тапты. Бұл туралы 24.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Қарттар үйінде қаза тапқандардың арасында мекеменің бір қызметкері бар. Жергілікті полицияның хабарлауынша, отқа оранған ғимараттан 18 адам құтқарылған. Мұның 5-уі жедел жәрдемнің көмегімен ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 2 қарияның халі ауыр деп отыр.
Айта кетейік, екі қабатты ғимаратты шарпыған өрт 1,5 сағатта әрең сөндірілген. Қазіргі таңда Украина билігі адам өліміне әкелген өрт қауіпсіздігі нормалары бұзылды деген айыппен іс қозғап, «Туған ошақ» ұйымының басшысын қамауға алды.
Талғат Райымбек.
Дерек, фото: 24.kz.