• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
29 Мамыр, 2016

Маңғыстау облысында Өзбекстан азаматы асылып қалды

362 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 мамыр. Маңғыстау облысындағы Мұнайлы ауданының Мағыстау-3 ауылында Өзбекстан азаматының асылып қалған өлі денесі табылды. Бұл туралы lada.kz порталы ақпарына сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Порталдың хабарлауынша, ер кісінің мәйіті осындағы кәсіпорындардың бірінің аңғарынан табылған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оның Өзбекстанның 52 жастағы азаматы екенін анықтады. Сарапшылардың алдын ала тұжырымдарына сәйкес, ер кісі өз еркімен өмірмен қоштасқан. Оның денесінен тартыс-күрестің белгілері табылмаған. Енді оқиғаның шын мәнінде қалай болғанын барынша жан-жақты жасалатын сот-медициналық сараптамасы көрсетеді. Қазір инцидентті тексеру шеңберінде жұмыстар жүріп жатыр. Талғат Райымбек. Дерек: lada.kz.