• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2016

Брюссельде Қазақстан мен НАТО ынтымақтастығы талқыланды

213 рет
көрсетілді

АСТАНА. 30 мамыр. Қорғаныс министрлігінің делегациясы Брюссель қаласындағы НАТО-ның штаб-пәтерінде серіктестік және ұжымдық қауіпсіздік жөніндегі комитеттің отырысына қатысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бельгияның астанасына қазақстандық делегацияны Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Мұхтаров бастаған барды. НАТО-ның штаб-пәтерінде 28 елдің делегациясы «Жоспарлау және талдау үдерісі» (ЖЖТҮ) бағдарламасын талқылады. Онда қазақстандық әскерилер Солтүстік Альянспен арадағы қарым-қатынасқа зор мән беретінін, екіжақты ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Кездесуде НАТО-ға мүше елдердің өкілдері еліміздің Қарулы Күштерінің бітімгершілік бөлімшелерінің даярлығына жоғары баға беріп, 2003 жылдан бері Солтүстік Альянс мемлекеттері бөлімшелерінің қатысуымен өткізілетін «Бейбітшілік үшін серіктестік» пен «Дала қыраны» бітімгершілік оқу-жаттығуын қолдап отыратындарын айтты. Сапар барысында генерал-майор Мұхтаров НАТО-ның бас хатшысы Александр Вершбоумен кездесті. Кездесуде екіжақты ынтымақтастық, өңірлік қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қорғаныс министрлігі. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e
Соңғы жаңалықтар