• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Мамыр, 2016

Атырауда гастербайтерлерді бопсалаған 2 полицей сотталды

262 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 30 мамыр. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен қалалық ішкі істер басқармасының екі полицейі 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айрылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Тергеу дерегіне сәйкес, полиция қызметкерлері 2015 жылдың шілде айынан бастап Атырау қаласында жүрген Өзбекстан Республикасының азаматтарына өздерін көші-қон полициясы қызметкерлері ретінде таныстырып, оларды қорқытып ақшалары мен ұялы телефондарын ашық тонаған. Сөйтіп, олар бірнеше рет Өзбекстан Республикасының 5 азаматын заңсыз ұстап, олардан 800 мың теңгеден астам қаржыны жымқырып алған» деп хабарлады Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев. Сот үкімімен полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 191- бабының 2 - бөлігінің 2, 3-тармақтарымен, 190-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен көзделген қылмыстық әрекеттері үшін кінәлі деп танылды. Сөйтіп, оларға құқық қорғау органдарында лауазым атқару құқығынан өмір бойына, сонымен бірге, 4 жыл мерзімге бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі. Фото: inform.kz.