• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Лордтың оң пікірі көңіл өсірді

319 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Ұлыбритания Пар­ламенті Лордтар палатасының мүшесі лорд Мұхаммед Шейхпен кездесті. Тараптар Қазақстан-Британия ара­сындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағ­дайы мен келеше­гін, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылғы қараша айындағы ресми сапарының қоры­тындысы бойынша қол жеткізген екі ел арасындағы келісімдерді іске асыру барысын талқылады, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты. Сыртқы саясат ведом­ство­сының бас­­­­шысы Британия Парламентінде Қа­зақстанмен ынтымақтастық жөні­ндегі Бүкілпартиялық парламенттік топтың құрылуын құптап, пар­ламентаралық байланыстың одан әрі күшеюіне сенім біл­дірді. «Бүкілпартиялық пар­ламенттік топтың алдағы күз­ге жоспарланған ресми сапары қатынастарымыздың жан-жақты дамуына қосымша сер­пін беретініне және барлық бағыттарда сенімді, ашық диа­логтың одан әрі тереңдеуі үшін негіз болатынына сенемін», – деп атап өтті Е.Ыдырысов. «Қазақстанның жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікті құру жүйесінде атқаратын рөлі және халықаралық қақ­тығыстарды реттеудегі оның жәрдемі таңғалдырады», – де­ді М.Шейх. Сонымен қатар, Қа­зақстанның халық арасындағы келісім мен төзімділікті, құрмет пен достықты ілгерілету бойынша жалпы ұмтылыстарының ерекше үлесін баса айтты. Астанаға сапары барысында британдық лорд «Діндер терроризмге қарсы» халық­аралық конференцияға және «KADEX – 2016» 4-ші халықаралық қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесіне қатысты. «Егемен-ақпарат»