• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
07 Маусым, 2016

Өзгеге өмір сыйлау – үлкен бақыт

340 рет
көрсетілді

Облыстың мемлекеттік қыз­метшілері лейкемиямен ауыра­тын балаларға 200 литр қан тап­сыр­ды. Облыс әкімдігі­нің қыз­­мет­керлері өңір басшысы Бер­­дібек Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған «Донор бол – өмір сүруге үміт сыйла» шара­сы­на қатысты. Мемлекеттік қызметкерлер жілік майының донорлары қа­тарына тіркеліп, донорлық қан компоненттерінің қауіпсіздігі үшін облыстық орталыққа қан тапсырды. Шараға өңір басшысы Бердібек Сапарбаев та қатысты. Онымен бірге, 400 мемлекеттік қызметкер де игі іске атсалыс­ты. Олардың әрқайсысы сырқат балаларға көмектесу үшін анкета толтыру, тіркелу, медициналық тексерістен өту және қан тапсыру секілді қажетті процедуралардан өтті. – Мұндай акцияны біз балалар күніне байланысты өт­кіздік. Облысымызда лейкемиямен ауыратын 52 бала тіркеуде тұр. Әрине, мемлекет қажетті көмектерді көрсетуде, дәрі-дәр­мекпен қамтамасыз етеді, қажет болса, алыс-жақын шетелдерге ем алуға қаражат бөледі. Біз осы­­­лай­ша олардың ем алуына өз үлесімізді қосқымыз келді, – деді өңір басшысы. Облыс әкімінің бастамасы Ақтөбе қаласының мемлекеттік қызметкерлері мен 12 аудандарынан да қолдау тауып, мұндай иманды іске барлығы 2000-нан астам адам үлес қосуда. Мұндай жағдайда берілетін сыйақы да лейкозға шалдыққан балалардың еміне аударылады. Бүгінде облыста өткір лейкоз диагнозымен 52 бала есепте тұр. Белгілі болғандай, қан ау­­­ру­ларының салдары өте жо­ғары, балалардың одан әрі дамуына кері әсер етеді, қан аздықтың сал­дарынан ішкі ағзалар функциялары, ең алдымен мидың қыз­меті бұзылады. Қан ауруларын емдеудің бір жолы – алмастырушы терапия есебінен қанды тоқтату және кез келген уақытта қажет болатын қан көле­мін толықтырып отыру болып табылады. Бұл бағытта облыстың мемлекеттік қызметшілері тап­сыр­ған қанның көмегі көп болары сөзсіз. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, «Егемен Қазақстан» Ақтөбе облысы