АСТАНА. 7 маусым. Ақтөбеде қаза тапқандардың жанұяларына 1 миллион теңгеден бөлінеді. Жерлеу рәсімін ұйымдастыруда кететін шығынды билік өз мойнына алды. Бұл туралы inform.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Олардың ішінде «Паллада» қару дүкенінің 44 жастағы сатушысы Андрей Максименко, «Күзет» қызметінің 33 жастағы қызметкері Мерхан Тәжібаевтың жанұясы, 69 жастағы зейнеткер Николай Онищенко және «Паллада» дүкеніне барған 35 жастағы Михаил Матросовтың отбасына төленеді.
Бүгін Ақтөбеге барған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед пен облыс әкімі лаңкестер қолынан қаза тапқан ақтөбелік азаматтардың туыстарына көңіл айтты.
Аян Әбдуәли.
Дерек, фото: inform.kz.