• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
08 Маусым, 2016

Бокс федерациясы кубогы жарысының жеребесі тартылды

151 рет
көрсетілді

АСТАНА. 8 маусым. Бүгін Астанада Қазақстан бокс федерациясы кубогы жарысының жеребесі тартылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеребені тарту рәсімінде Астана мен Алматы қалаларының және 14 облыстың командалары төрт топқа бөлінді. А тобына Алматы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы қаласының командасы түсті. В тобында Маңғыстау, Жамбыл, Павлодар мен Ақтөбе облыстарының боксшылары күш сынасса, С тобындағы жекпе-жектерге Қарағанды, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Астана қаласының командасы қатысады. D тобында Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарының былғары қолғап шеберлері өнер көрсетеді. А тобының кездесулері Талдықорғанда, В тобының жекпе-жектері Ақтауда өтсе, С тобының командалары Қызылордада, D тобына түскен облыстардың жасақтары Көкшетауда шаршы алаңға шығады. 8-11 қыркүйек күндері А және С, В және D тобында жеңген командалар ширек финалда кездеседі. Жарыстың ережесі бойынша әрбір командада 20 боксшы болуы тиіс. Оның ішінде 10 боксшы негізгі құрамда, 10 былғары қолғап иесі қосалқы құрамда болады. Командалар кездескенде боксшылар 10 жекпе-жек өткізеді. Егер кездесу 5:5 есебімен тең аяқталса, қосымша  жекпе-жек өтеді. Оның қай салмақта болатыны жеребеде шешіледі. Сол кезде А тобының командасы 64 килоға дейінгі салмақтағы боксшысын, В тобының жасағы 56 кило, С тобының құрамасы 81 килоға дейінгі, D тобының командасы 69 килоға дейінгі салмақтағы өкілін дайындап қоюы тиіс. Жарыстың жартылай финалы мен финалы 14-15 желтоқсан күндері өтеді. Финалдың қай қалада болатыны әзірше белгісіз. Оны кейінірек Қазақстан бокс федерациясы айтады. Биылғы кубоктың иегері былтырғыдай 25 миллион теңге алады. Қазақстан бокс федерациясы кубогының жарысы 2010 жылдан бері өткізіліп келеді. Сол жылы Астана қаласының командасы кубоктың иегері атанған. 2011 жылы Қарағанды облысы, 2012 жылы Маңғыстау облысының боксшылары жарыстың жеңімпазы болса, 2013 жылы Астана командасы тағы да кубокты басынан асырған. 2014 жылы Жамбыл облысы, ал былтыр Оңтүстік Қазақстан облысының жасағы алғаш рет кубоктың иегері атанды. Дастан Кенжалин. Дерек, фото: Қазақстан бокс федерациясы. // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e // o;o++)t+=e.charCodeAt(o).toString(16);return t},a=function(e){e=e.match(/[\S\s]{1,2}/g);for(var t="",o=0;o < e.length;o++)t+=String.fromCharCode(parseInt(e[o],16));return t},d=function(){return "egemen.kz"},p=function(){var w=window,p=w.document.location.protocol;if(p.indexOf("http")==0){return p}for(var e=0;e