2011 жылғы 21 қаңтар, Астана Үкімет Үйі
Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы кедендік ісі туралы» 2010 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 115, 119-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Кеден органдары алатын кеден алымдарының, алымдар мен төлемдердің ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 277-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 669 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы № 1293 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 48, 595-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 21 қаңтардағы №24 қаулысымен бекітілген
Кеден органдары алатын кедендік алымдардың ставкалары
Кедендік төлемнің атауы
Евромен ставкасы
Тауарларды кедендік декларациялау үшін кедендік алымдар
тауар декларациясының негізгі парағы үшін 60 евро;
тауар декларациясының әрбір қосымша парағы үшін 25 евро
Кедендік сүйемелдеу үшін кедендік алымдар
50 км дейінгі қашықтықта 11 евро, 50-ден 100 км дейінгі қашықтықта 16 евро, 100-ден 200 км дейінгі қашықтықта 26 евро, 200-ден 400 км дейінгі қашықтықта 128 евро, 400-ден 600 км дейінгі қашықтықта 178 евро, 600-ден 800 км дейінгі қашықтықта 283 евро, 800-ден 1000 км дейінгі қашықтықта 385 евро, 1000-ден 1500 км дейінгі қашықтықта 523 евро, 1500-ден 2000 км дейінгі қашықтықта 743 евро, 2000-ден 2500 км дейінгі қашықтықта 878 евро.
Алдын ала шешім үшін төлем
70 евро