Бүгін түсқайта Атырау қаласында шаңды дауыл көтерілді. Облыс әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, шаңды дауыл Каспий теңізінің таяз түбінен соқты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ал «Қазгидромет» РМК өңірлік филилалының дерегіне қарағанда, Каспий теңізі бағытынан соққан желдің жылдамдығы секундына 10-13 метрге жеткен.
«Ауа мониторингі станцияларында рұқсат етілген нормалардан асу дерегі байқалмайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының мәліметтеріне сәйкес өңір аумағында өрт тіркелген жоқ. Атырау облысы бойынша экология департаменті шаңды дауыл кезінде қажеттілік болмаса, үйден шықпауды ұсынады. Аталған департамент мамандары атмосфералық ауаның сапасына тұрақты түрде мониторинг жұмысын жүргізуді қолға алды», деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
41 градус аяз: Еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды