• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

Түркістанда ҰБТ-дан екі оқушы ең жоғары 140 балл жинады

Шымкенттік Айсұлтан Жаңбырбай мен Түркістан қаласының тумасы Жасұр Нышанбаев мүмкін болған 140 балдың барлығын жинап, ең үздік нәтиже көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қос оқушы бір сыныпта білім алған әрі  бірдей бейіндік пән таңдаған. Олардың болашақ мамандықтары да ұқсас. Олар ҰБТ-да Дүниежүзі тарихы мен ағылшын тілі пәндерін таңдаса, халықаралық IELTS емтиханынан да бірдей нәтиже көрсетіп, 6.5 балл иеленген.

Қуанышты сәт, бірақ мен өзім 140 балл алатыныма сенімді болдым. Сондықтан сезімім қатты болды деп айта алмаймын. Қаншалықты еңбек етіп, тырысқаныңа байланысты деп ойлаймын. Сондықтан да тек қана оқи берген ол дұрыс шешім деп ойлаймын. Ең алдымен сол анам мен әкеме алғыс айтамын. Шымкенттен Түркістанға жіберіп оқытқанына, солардың маған көптеген қаражат бөліп жатқанына алғысым шексіз дейді, - жас түлек Айсұлтан Жаңбырбай.

Естеріңізге салайық бұған дейін Тараздық талапкер Нұрғанат Қанат та ҰБТ-дан 140 балл жинап, қомақты сыйақыға ие болған еді.  

Соңғы жаңалықтар