• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:42

Ұлытау облысында жаңа цифрлық «Smart Point» ХҚКО ашылды

Ұлытау облысы Қазақстан бойынша халыққа қызмет көрсетудің «Smart Point» цифрлық озық форматын іске қосқан алғашқы өңір болды. Ұлытау облысы әкімдігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының бірлескен экожүйесі негізінде құрылған «Smart Point» цифрлық кеңсесінің ашылуына облыс әкімі Дастан Рыспеков пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл – мемлекеттік қызметтерді алудың сапасын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған заманауи әрі инновациялық кеңістік. Жоба халықтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, электрондық қызметтерді өздігінен пайдалану мәдениетін қалыптастыруға және азаматтар мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың ыңғайлы, заманауи әрі технологиялық ортасын дамытуға бағытталған.

«Біз тек жаңа буындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарын ашып жатқан жоқпыз. Біз мемлекет пен азамат арасындағы байланыстың жаңа мәдениетін қалыптастырып жатырмыз. Алдағы уақытта Apple Store үлгісіндегі мұндай орталықтар еліміз бойынша кезең-кезеңімен енгізіледі. Инфрақұрылымның дайындығына қарай Астана мен Павлодар қалаларында да іске қосуды жоспарлап отырмыз», дейді Мемлекеттік корпорацияның Басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.

Smart Point – азаматтарға операторлардың көмегінсіз мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алуға мүмкіндік беретін заманауи жоғары технологиялық кеңістік. Мұндай тәсіл күту уақытын едәуір қысқартып қана қоймай, мемлекеттік цифрлық сервистерді қолайлы әрі тиімді пайдалануға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Орталық бірнеше функционалдық аймақтан тұрады. Олардың әрқайсысы заманауи пайдаланушылардың қажеттіліктерін ескере отырып жасақталған. Экспресс-аймақта мемлекеттік қызметтерді өздігінен алуға арналған терминалдар орнатылған. Сонымен қатар құжаттарды мессенджерлер мен басқа да цифрлық байланыс арналары арқылы жедел жолдауға мүмкіндік қарастырылған.

Ал цифрлық аймақ сымсыз қуаттау құрылғыларымен және жоғары жылдамдықты сканерлермен жабдықталған. Бұл келушілерге қажетті құжаттарды жедел цифрландырып, мемлекеттік ақпараттық жүйелерге жүктеуге мүмкіндік береді. Сараптамалық аймақ күрделі мемлекеттік қызметтерді мамандардың сүйемелдеуімен алуға арналған.

Ерекше назар цифрлық сауаттылықты арттыру аймағына аударылған. Мұнда интерактивті экран және оқып-үйренуге әрі демалуға қолайлы кеңістік қарастырылған. Тұрғындар бұл жерде цифрлық дағдыларын тегін жетілдіріп, жаңа электрондық сервистерді меңгеріп, цифрлық мемлекеттің мүмкіндіктерін сенімді пайдалана алады.

164 млн теңге шығын: Алматыда жүк көліктерін заңсыз тіркеген ХҚКО-ның қызметкерлері сотталды

Орталықтың басты мақсаты – тұрғындарға ыңғайлы, қолжетімді және ашық орта қалыптастырып, цифрлық технологияларды күнделікті өмірге кеңінен енгізу.

«Бүгінде халыққа мемлекеттік қызметтерді барынша ыңғайлы әрі қолжетімді ету – басты міндеттің бірі. Ұлытау облысының республика бойынша мұндай форматтағы жобаны алғаш болып іске қосуы – біз үшін үлкен жетістік әрі өңірдің цифрлық трансформацияға дайын екенінің нақты көрінісі», деді облыс әкімі Дастан Рыспеков.

Енді тұрғындар түрлі қызметті бір жерден, кезексіз әрі заманауи форматта ала алады. Бұл уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, азаматтарға бұрынғыдай әр мекемені аралап, банк бөлімшелеріне барып, төлем жасап жүрудің қажеті болмайды. Барлық сервис қолжетімді болады.

Жүргізуші куәлігі 400 мың теңге: Шымкентте ХҚКО қызметкерлері ұсталды

Ұлытау облысы

Соңғы жаңалықтар