• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 12:51

Арыста мас жүргізуші жүкті әйел мен екі баланы қағып өлтірді

Түркістан облысында 4 адамның өмірін қиған қайғылы оқиға болды. Арыс қаласында жеңіл автокөлік тұрғын үйдің қоршауына соғылып, сол маңда орындықта отырған адамдарды қаққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі бала мен жүкті әйел қаза тапты. Тағы екі адам ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікті 52 жастағы әйел басқарған. Мектепте жұмыс істейтін әйел бос уақытында жеке тасымалмен айналысады. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші мас күйде болған деген болжам бар. Әйелге абайсызда адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу бабы бойынша айып тағылып, сотқа тартылуы мүмкін.

Айта кетейік, Жамбыл облысында адам өліміне әкеп соққан ірі жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Еске сала кетейік, Алматы қаласында әл-Фараби даңғылында болған үш адамның қазасына себеп болған жол-көлік оқиғасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар