• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2016

Атақты хоккейші Горди Хоу қайтыс болды

398 рет
көрсетілді

Канадалық атақты хоккейші, Стэнли Кубогының төрт дүркін иегері Горди Хоу 10 маусым, жұма күні 88 жасында дүние салды. «Әлі анықталмаған ақпар бойынша, Огайода таңертеңгілік сағат 07:58-де Горди Хоу қайтыс болды», деп жазады Кэмпбелл. «Детройт Ред Уингз» клубы кейінірек Twitter-дегі өз парақшасында аты аңызға айналған хоккейшінің бақилық болғанын растап берді. Хоу 2014 жылдың күзінде инсульт алып, денесінің бір жағы жансызданып қалған еді. 2015 жылдың қаңтарында оның біреудің көмегінсіз өз бетінше жүре алмайтыны белгілі болды. Горди Хоу Стэнли Кубогын«Детройт Ред Уингз» құрамында 1950, 1952, 1954, 1955 жылдары жеңіп алды. Ол Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) 25 маусым өнер көрсетті, тағы 10 жыл басқа лигаларда ойнады. Хоккейші ҰХЛ –да 1767 матч өткізді. Ойыншылық мансабын тек 52 жасынд ғана аяқтады. Мұрат Айтқожа. Фото: inoprokhl.ru
Соңғы жаңалықтар