• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №133

280 рет
көрсетілді

2015 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидаларын бекіту туралы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса берілген Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай өнеркәсібін дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықты мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. Министр В.ШКОЛЬНИК «Келісілді» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ___________ Ә.Исекешев 2015 жылғы 31 наурыз Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №133 бұйрығымен бекітілген Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы 1. Жалпы ережелер 1. Осы Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 18-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленді. 2. Қағида жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнай массасы мен салмағын өлшеу әдістерін айқындайды. 3. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) төрелiк сынама – төрелiк талдау үшiн пайдаланылатын бақылау сынамасы; 2) бақылау өлшеу сызығы – жұмыстағы шығыс түрлендiргiштерiнiң (бұдан әрі – ШТ) метрологиялық сипаттамаларын бақылау үшiн қолданылатын өлшеу сызығы; 3) бақылауаралық интервал – өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын тексеру кезiнде анықталған мәндерден ауытқуын анықтау үшiн жүргiзiлетiн екi кезектi бақылау актiсiнiң арасындағы уақыт аралығы; 4) есептік операциялар – кейінгі есептер үшін, сондай-ақ арбитраж кезінде мұнай массасын айқындауды білдіретін, тапсыратын және қабылдайтын тараптар жүргізетін операциялар; 5) мұнайдың шығысы мен тұтқырлығының жұмыс диапазоны – ШТ қолданылатын олардың метрологиялық сипаттамалары нормаланған, шығыс пен тұтқырлық мәндерінің саласы; 6) жұмыс өлшеу сызығы – мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің өлшемдерi жүйесiмен (бұдан әрi – МКӨЖ) пайдаланудың қалыпты режимiнде жұмыс iстейтiн өлшеу сызығы; 7) қалыпты жағдайлар – қоршаған орта температурасы 20°С (293,15 °К), атмосфералық қысым 760 мм рт. б. (101325 Н/м2); 8) метрологиялық сипаттамаларды бақылау – тексерулер арасындағы кезеңде өлшеу құралдарының метро­логиялық сипаттамалары мәндерiнiң нақты мәндерден немесе соңғы тексеру кезiнде айқындалған мәндерден ауытқуын айқындау және өлшеу құралдарының одан әрi пайдалануға жарамдылығын белгiлеу; 9) мұнай балластының массасы – мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы; 10) мұнайдың брутто массасы – балласт массасын қамтитын мұнайдың жалпы массасы; 11) мұнайдың нетто массасы – мұнайдың брутто массасы мен балласт массасының арасындағы айырма; 12) мұнай көлемiнiң және сапа көрсеткіштерінің өлшемдерi жүйесi (бұдан әрi – МКӨЖ) – өлшеу құралдарының, тығыздықты түрлендіргіштің (бұдан әрі – ТТ), ылғал мөлшерiн, тұз мөлшерiн, тұтқырлықты, температураны, қысымды, масса өлшеуiштердi түрлендiргiштердiң), өлшеу нәтижелерiн өңдеу, сақтау, индикациялау және тiркеу құрылғыларының, өлшеуiш ақпаратының дабылдарын автоматты және қолмен өңдеу үшiн қолайлы нысанда өңдеуге арналған технологиялық және қосалқы жабдықтардың (құбыржолдардың, сүзгiлердiң, сорғылардың, сынама iрiктегiштiң, бекiтушi және реттеушi арматураның және басқаның) жиынтығы; 13) оператордың автоматтандырылған жұмыс орны – МКӨЖ мнемосхемасын, ақпарат өңдеу жүйесінде өлшенген және есептелген мұнайдың ағымдағы технологиялық және сапалық өлшемдерін көрсетуге, есептік құжаттарды қалыптастыруға және оларды басып шығаруға арналған мониторы, клавиатурасы мен принтері бар тиісті бағдарламалық қамтамасыз етілген дербес компьютер; 14) өлшеу сызығы (бұдан әрі – ӨС) – шығысты түрлендiргiштен немесе қысымды және температураны өлшеу құралдарымен, ысырмалармен және сүзгiлермен жарақтандырылған құбыржолдардың тiк сызықты учаскелерi бар масса өлшеуiштен тұратын МКӨЖ қонструкциясының бөлiгi; 15) резервтiк есепке алу схемасы – негізгі схема – мұнай санын және мұнай сапасының көрсеткіштерін өлшеу жүйесі істемей қалған кезде мұнай массасын өлшеу үшін қолданылатын жүйе; 16) резервтiк өлшеу сызығы – қажет жағдайда жұмысқа қосылатын, жүктелмеген резервтегі сызық; 17) сыйымдылық шамасы – тексеру туралы куәлігі және бекітілген градуирленген кестесі бар мұнай көлемін өлшеу құралы; 18) технологиялық жабдық – бекітуші және реттеуші арматура, құбырлар, сүзгі, ағысты түзетуші және тік сызықты учаскелер, циркуляциялық сорғы, автоматтандырылған және қол сынама іріктегіштері, сынама алу құрылғысы, дренаждық ыдыстар, тиісті технологиялық орамы бар жуу сорғысы және т.б.; 19) толық сыйымдылық шамасы – тексеру туралы куәлігі бар және толу деңгейінің көрсеткішімен жарақталған мұнай көлемін өлшеу құралы (автоцистерналар, тіркеме-цистерналар, жартылай тіркеме-цистерналар). Осы Қағидада пайдаланылатын өзге ұғымдар Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы және «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2000 жылғы 7 маусымдағы заңдарына (бұдан әрі - Заң) және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қолданылады. 4. Мұнайды есепке алу топтық өлшеу қондырғылары арқылы әрбір ұңғыма бойынша келісімшарттық аумақта тоннамен жүзеге асырылады. Мұнай массасын өлшеудiң дұрыстығын, сондай-ақ өлшеу сапасын бақылауды қамтамасыз ету үшiн жер қойнауын пайдаланушының тексеру туралы қолданыстағы сертификаты және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету жүйесiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген қажеттi жабдығы мен өлшеу құралдары қолданылады. 2. Өлшеу әдістері 5. Мұнайды өлшеу және салмақтау тікелей және жанама әдістермен жүзеге асырылады. 6. Тікелей әдістер қолданылған кезде мұнай массасы таразымен, таразылы мөлшерлеуіштермен және құрыл­ғы­лармен (тікелей статикалық әдіс), массалық есептеуішпен және массалық ШТ-мен өлшенеді (тікелей серпінді әдіс). 7. Жанама әдіс көлемдік-массалық әдіске және гидростатикалық қағидатқа негізделген әдіске бөлінеді. 8. Жанама көлемдік-массалық әдіс мұнайды жанама көлемдік-массалық сенрпінді әдіске және жанама көлемдік-массалық статикалық әдіске бөлінеді. 9. Жанама көлемдік-массалық серпінді әдіс мұнайды мұнай құбырында тікелей ағында өлшеген кезде қолданылады. Бұл ретте мұнай көлемін өлшеуіштермен немесе интеграторлары бар ШТ-мен өлшейді. 10. Көлемдік-массалық әдіс қолданылған кезде мұнайдың көлемі мен тығыздығын бірдей немесе бірдей етілген жағдайларда (температура, қысым) өлшенеді, мұнайдың брутто массасын осы шамалардың мәндерінің көбейтіндісі ретінде айқындайды, ал содан соң мұнайдың нетто массасы шегеріледі. 11. Мұнай тығыздығын ағынды тығыздық өлшегішпен немесе зертхана жағдайында біріктірілген сынамада мұнайға арналған ареометрмен, ал мұнайдың температурасы мен қысымы тұтқырлық пен көлемді өлшеген кезде тиісінше термометрлермен және манометрлермен өлшенді. 12. Мұнайдың нетто массасын мұнайдың брутто массасы мен балластың массасы арасындағы айырма ретінде айқындайды. Балласт массасы мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың жалпы массасы ретінде айқындалады. Бұл үшін мұнайдағы судың, хлорлы тұздар мен механикалық қоспалардың массалық үлестерін айқындалып, олардың массасы есептеледі. 13. Жанама көлемдік-массалық статикалық әдісті мұнайды градуирленген ыдыстарда өлшеген кезде қолданады (тік және көлденең резервуарлар, көліктік ыдыстар және т.б.). Мұнай массасы өлшеу нәтижелерi бойынша анықталады: 1) сыйымдылық шамаларында: мұнай деңгейін – стационарлық деңгей өлшеуішпен немесе сұйық деңгейін өлшейтін басқа да құралдармен; мұнай тығыздығын – көшпелі немесе тығыздық өлшейтін стационарлық құралмен немесе ареометрмен; мұнай температурасын – нүктелі сынамаларда термометрмен немесе көшпелі және стационарлық температура түрлендіргішпен; мұнай көлемін – деңгейді өлшеу нәтижелерін қолдана отырып, сыйымдылық шамасының градуирленген кестесі бойынша; 2) толық сыйымдылық шамаларында: мұнай тығыздығын – көшпелі тығыздық өлшеу құралымен немесе зертханада ареометрмен, зертханалық тығыздық өлшегішпен немесе тығыздық түрлендіргішін қолдана отырып; мұнай температурасын – көшпелі температура түрлендіргішпен немесе нүктелі мұнай сынамасында термометрмен; мәні таңбалау кестесіне жазылған және тексеру туралы куәлікте көрсетілген шаманың іс жүзіндегі сыйым­ды­лы­ғына тең қабылданған мұнай көлемін – деңгей көрсеткішіне қатысты мұнай деңгейінің өзгеруін ескере отырып айқындайды. Мұнайдың тығыздығы мен көлемін өлшеу нәтижелері қалыпты жағдайға әкеледі немесе мұнайдың тығыздығын өлшеу нәтижелері оның көлемін сыйымдылық шамаларында немесе толық сыйымдылық шамаларында өлшеу жағдайларына әкеп соқтырады. Деңгей өлшеуішпен, метроштокпен немесе өлшеуіш металлды рулеткамен өлшенген толу деңгейінің мәндері бойынша градуирленген кестелердің көмегімен резервуарлардағы мұнай көлемі айқындалады. Толық сыйымдылыққа градуирленген ыдыстарда толтыру деңгейін бақылайды және көлемін паспорттық деректер бойынша айқындайды. 14. Гидростатикалық қағидатқа негізделген әдісті қолданған кезде мұнай бағанының гидростатикалық қысымын өлшейді, резервуардың толтырылған бөлігінің орташа ауданын айқындайды және мұнай массасын ауырлық күш үдеуіне бөлінген осы шама мәндерінің көбейтіндісі ретінде есептейді. Босатылған (қабылданған) мұнайдың массасын екі әдіспен: жоғарыда аталған әдіспен тауарлы операцияның басында және аяғында айқындалған массалардың айырмасы ретінде; ауырлық күш үдеуіне бөлінген, мұнай босатылған резервуар бөлігінің орташа қима ауданына тауарлық операцияның басында және аяғындағы гидростатикалық қысымдардың айырмасы ретінде айқындайды. 15. Мұнай бағанының гидростатикалық қысымын мұнай буларының қысымын ескере отырып, манометрикалық аспаптармен өлшейді. 16. Резервуар бөлігінің орташа қима ауданын айқындау үшін өлшеуіш металл рулеткамен немесе деңгей өлшеуішпен тауарлы операцияның басындағы және аяғындағы мұнай деңгейін өлшейді және резервуардың градуирленген кестесінің деректері бойынша осы деңгейлерге сәйкес келетін орташа қима аудандарын есептеп шығарады. Сондай-ақ деңгейді өлшеудің орнына мұнайдың тығыздығы өлшенеді және балласт массасын айқындау үшін мұнайдың көлемін массаны тығыздыққа бөлудің нәтижесіндегі бөліндісі ретінде айқындалады. 17. Мұнайдың брутто массасын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы дәлсіздіктері мыналардан аспайды: ±0,40 % – ажыратылған цистерналарды таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде; ±0,50 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде; ±0,25 % – тікелей немесе жанама серпінді өлшеу әдісі кезінде; ±0,50 % – 120 т және одан артық мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі кезінде. ±0,65 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі кезінде. 18. Мұнайдың нетто салмағын өлшеуде жол берілетін салыстырмалы дәлсіздіктер шегі мыналардан аспайды: ±0,50 % – ажыратылған цистерналарды таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде; ±0,60 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде; ±0,35 % – ажыратылмаған жүріп келе жатқан цистерналарды және олардың құрылымын таразыда салмақтау арқылы тікелей статикалық өлшеу әдісі кезінде; ±0,60 % – 120 т және одан артық мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі кезінде; ±0,75 % – 120 т дейінгі мұнай массасын жанама статикалық өлшеу әдісі кезінде және гидростатикалық қағидатқа негізделген жанама өлшеу әдісі кезінде. 3. Өлшеу құралдары 19. Өлшеу құралдары мен қосалқы құрылғыларды (оның ішінде есептеу техникасы құралдарын) қабылданған өлшеу әдістеріне қарай мұнай массасын өлшеу жүйесін жобалау сатысында таңдайды, олардың өлшеу нәтижелері бойынша мұнай массасы, оның ішінде осы Қағиданың 17-тармағында көрсетілген тауарлы мұнайдың брутто массасын және осы Қағиданың 18-тармағында көрсетілген тауарлы мұнайдың нетто массасын өлшеу дәлсіздіктері нормалары айқындалады. Қазақстан Республикасында жасалған немесе әкелінетін МКӨЖ, метрологиялық аттестаттау және Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету мелекеттік жүесінің тізілімінде тіркеу өткізеді. МКӨЖ үшін болуы міндетті құжаттардың тізбесі осы Қағидаға 1-қосымшада келтірілген. 20. МКӨЖ құрамына кiретiн өлшеу құралдарының өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес үлгiсiн бекiту немесе метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын тексеру туралы қолданыстағы сертификаты бар. 21. Өлшеу құралдары пайдалануға қосылар алдында, пайдалану кезiнде және жөндеуден кейiн Заңының 19-бабына сәйкес тексеруге жатады. 22. Тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, сондай-ақ осындай қызмет түріне аккредиттелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері жүргізеді. 23. Өлшеу құралдарын тексеру Заңының 11-1-бабына сәйкес уәкiлеттi органымен айқындайтын тексеру әдістемелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Мұнай массасын тікелей және жанама өлшеу әдістерін пайдалану кезінде қолданылатын таразылар, салмақтық мөлшерлеуіштері және қондырғылары өлшем бiрлiгін қамтамасыз ету саласындағы заңнамаға сәйкес үлгiсiн бекiту немесе метрологиялық аттестаттау туралы және өлшем құралдарын тексеру туралы қолданыстағы сертификаты бар. МКӨЖ құрамына кiретiн өлшеу құралдарының қателіктері, ҚР «МКӨЖ. Жалпы талаптар» 2.62-2003 СТ-на сәйкес әдістерді өлшеу жүзеге асыратын құжаттарда регламенттейді. 4. Мұнай массасын тікелей әдістермен өлшеу және таразылау тәртібі 24. Кемінде саны 3000 тексеріп бөлу санымен орташа сыныпты дәлдік статикалық өлшеу үшін тікелей статикалық әдіспен ыдыстағы және көлік құралдарындағы (темір жол және автомобиль цистерналары) мұнай массасын таразылау арқылы өлшейді. 25. Мұнайдың брутто массасы таразымен өлшеу диапазоны шегінде өлшенеді. Таразыны пайдалану жағдайлары таразының нақты түріне арналған пайдалану құжаттарының талаптарына сәйкес. 26. Темір жол цистерналарындағы мұнай массасы оларды өлшеу нәтижелері бойынша айқындалған тиелген цис­терналардың өлшенген массасы мен бос цистерналардың массасы арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. 27. Жүріп келе жатқан цистерналардағы мұнай массасын таразыны пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес жүру кезінде өлшеуге арналған вагондық таразыда айқындалады. 28. Құбырмен тасымалданатын мұнай массасы тiкелей мұнай құбыры ағынында тіке серпінді әдіспен анықталады. Өлшеу нәтижесiне мұнайдың тұтқырлығы мен тығыздығының өзгеруi әсер етпейдi. 29. Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және дәлсiздiгiнiң жол берiлетiн шектерi тікелей серпінді әдісті қолданумен осы Қағидаға 2-қосымшада келтірілген. 30. Масса өлшеуiштердi пайдалану үдерісiнде масса өлшеуiш нөлiнің масса өлшеуiштің осы түріне техникалық сипаттамаға сәйкес ығыстырылуы бақыланады. 31. Масса өлшеуiштердi дәлдеу мен бақылау пайдалану орнында, сонымен қатар тексеру стендiнде де жүргiзiледi. Масса өлшеуiштердiң метрологиялық сипаттамаларын бақылау былайша жүргiзiледi: 1) масса өлшеуiштiң жұмыс ауқымынан кез келген шығын мәнi кезiнде бiр уақытта мұнай массасын салмақ өлшеуiшпен және құбыр-поршеньдiк тексеру қондырғылары (бұдан әрi – ҚТҚ) жинағымен және ТТ немесе бақылаушы масса өлшеуiшпен өлшеу жүргiзiледi; 2) бақылау нәтижелерi бойынша масса өлшеуiш көрсеткiштерiнiң ауытқуы төмендегi формула бойынша есептеледi: (1) мұндағы М – масса өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т; Мб – басқа аспаптармен – ҚТҚ жинағымен және ТТ немесе бақылау салмақ өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың жалпы массасы, т. Бақылау нәтижелерi бойынша масса өлшеуiш көрсеткiштерiнiң ауытқуы ± 0,25 %-дан аспайды. 5. Мұнай массасын жанама әдістермен өлшеу және салмақтау тәртібі 32. Қабылдау-тапсыру операциялары кезінде мұнайдың массасы ШТ мен ТТ-тің көмегімен көлемдік-массалық серпiндi әдiспен анықталады. 33. Бұл ретте масса көлемнiң тиiстi мәндерiнiң және өлшеу (температура, қысым) шарттарына келтiрiлген тығыздық көлемiнiң немесе бiр қалыпты жағдайға келтiрiлген көлемнiң немесе тығыздықтың көбейтiндiсi ретiнде ақпаратты өңдеу құрылғысымен есептеледi. Жұмыс iстеп тұрған ТТ ажыратылған және резервтегiсi болмаған кезде, мұнай тығыздығы ареометрмен немесе рұқсат етiлетiн шектi дәлсiздiгi ± 0,5 кг/м3 зертханалық тығыздық өлшеуiшпен айқындалады. ШТ немесе мұнай есептеуiшiнде мұнай қысымы мен температурасы кезiнде алынған мұнай көлемiн өлшеу нәтижесi қалыпты жағдайға келтiрiледi. Мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогындағы температура мен қысым кезiнде ағынды ТТ-мен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi мұнай көлемiн өлшеу шарттарына және қалыпты жағдайға (температура, 20 °С-қа тең, артық қысым, 0-ге тең) келтiрiледi. 34. Ақпаратты өңдеу құрылғысымен (бұдан әрі – АӨҚ) немесе оператордың автоматтандырылған жұмыс орнында мұнай есебiнiң барлық үдерістерін басқару жүзеге асырылады. 35. МКӨЖ-ды пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар: 1) МКӨЖ-ды пайдалану үдерісінде мынадай параметрлер бақылануы тиiс: өлшеу сызықтары арқылы мұнай шығысы. МКӨЖ конструкциясы массаны өлшеу кезiнде өлшеу сызықтары арқылы жүйенi метрологиялық аттестаттау туралы сертификатта көрсетiлген жұмыс диапазонының 2,5 %-нан аспайтын ауытқумен мұнай шығысын қамтамасыз етеді; шығу коллекторындағы мұнай қысымы. МКӨЖ шығуындағы мұнай қысымы көлемдiк ШТ-ның кавитациясыз жұмысын қамтамасыз етеді және мынадай формула бойынша белгiленген мәннен кем болмайды: Р = 2,06 × Рқ + 2ΔР, (2) мұндағы Р – МКӨЖ шығуындағы ең аз артық қысым, МПа; Рқ – қаныққан бу қысымы, МПа; ΔР – ШТ-дағы немесе техникалық паспортта көрсетiлген масса өлшеуiштегi қысым айырымы, МПа; Сүзгiлердегi қысым айырымы сүзгiнiң осы түрiнiң паспортында көрсетiлген мәндерден артық болмайды немесе 2ΔРф аспауы тиiс, мұндағы 2ΔРф – сүзгiнi тазартқаннан кейiн пайдалану орнында белгiленген ең көп шығыс кезiндегi сүзгiдегi қысым айырымы. Сүзгiлердi тазарту кем дегенде үш айда бiр рет актi ресiмдей отырып жүргiзiледі. Тұтқырлық бойынша көлемдi ШТ-ның түрлендiру коэффициентiн түзету жөнiндегi құрылғы болмаған кезде, мұнай тұтқырлығы көлемдi ШТ-ны тексеру жүргiзiлген кездегi үлгiнi бекiту немесе ШТ-ның басқа түрлерiн пайдалану жағдайларында метрологиялық аттестаттау үшiн сынақ жүргiзу кезiндегi белгiленген шектерден аспайтын тұтқырлық мәндерiнен айрықшаланбайды; 2) пайдаланудың негiзгi талаптары бұзылған және өлшеу құралдары жұмыс iстемеген кезде мұнайдың есебi осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес жүргізіледі. 3) МКӨЖ ҚР «МКӨЖ. Жалпы талаптар» 2.62-2003 СТ-ға сәйкес тексеріледі. 36. ШТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар: 1) ШТ-ны пайдалану кезiнде тексеру және метрологиялық сипаттамаларды бақылау жүргiзiледi; 2) жұмыс ШТ-ны тексеру немесе метрологиялық сипаттамаларды бақылау уақытында мұнайдың есебiн бақылау өлшеу сызығы бойынша жүргiзуге болады; 3) ШТ-ны тексеру пайдалану орнында өлшеу сызықтары элементтерiмен (егер олар жобада көзделсе, ағыс түзеткiштермен, тiк учаскелермен) жиынтықта МКӨЖ пайдаланылатын шығыстардың жұмыс диапазонында жүргiзiледі; 4) ШТ-ны түрлендiру коэффициентi тексеруден кейiн АӨҚ-қа қолмен де, сонымен бiрге автоматты түрде де қажетті жағдайда енгізіледі. АӨҚ-қа градуирлiк сипаттаманы iске асыру тәсiлiне байланысты ШТ-ны түрлендiру коэффициентi мынадай түрде ұсынылады: 1) шығыстардың барлық жұмыс диапазонындағы тұрақты мән; 2) шығыстың түрлi диапазондарында түрлендiру коэффициентiнiң мәндерi; 3) шығыстардың жұмыс диапазоны нүктелерiнде түрлендiру коэффициентiнiң мәндерi; 4) тексеруаралық өту интервалында ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау. ШТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылау шығыстардың жұмыс диапазонындағы жұмыс жағдайларында пайдалану орнында түрлендiру коэффициентiн және ШТ немесе АӨҚ (АӨҚ-тың жадында сақталатын) қайталама аспабында белгiленген мәндердiң түрлендiру коэффициентiнен алынған мәннен ауытқуын анықтаудан тұрады. ШТ метрологиялық сипаттамаларын бақылау құбыр-поршеньдiк дәлдеу қондырғысы немесе бақылауаралық интервал арқылы пайдалану орнында бақылау ШТ бойынша жүргiзiледi. ШТ бақылауаралық интервалын белгiлеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi: 1) әрбiр жаңадан енгiзiлетiн МКӨЖ үшiн, сондай-ақ ШТ-ны ауыстырумен қайта құрудан кейiн ШТ-ның бақылауаралық интервалы белгiленедi. Бақылауаралық интервал сонымен бiрге ШТ-ны жөндеуден кейiн де белгiленедi; 2) бақылауаралық интервал ШТ-ны пайдаланудың қарқындылығына байланысты не жұмыс iстеу сағаттарында не КДҚ бойынша түрлендiру коэффициентiн бақылау нәтижелерi бойынша күнтiзбелiк уақытта (күндермен немесе айлармен) белгiленедi; 3) ШТ-ның үздiксiз жұмысы кезiнде 5 күнтiзбелiк күн аралық мерзiммен 30 күнтiзбелiк күн iшiнде түрлендiру коэффициентiнiң мәнiн бақылау жүргiзiледi және бақылауаралық интервал 5 күнтiзбелiк күн болып белгiленедi; 4) бақылауаралық интервалды статистикалық деректердiң нәтижелерi бойынша орнатылады; 5) резервте тұрған және ұзақ уақыт бақылаудан өтпеген ШТ-ны бақылау оларды пайдалануға қосу алдында ғана жүргiзiледi; 6) бақылауаралық интервалдың шамасы МКӨЖ формулярына енгiзiледi; 7) бақылауаралық интервалды белгiлеудi өткiзушi және қабылдаушы тараптардың өкiлдерiмен келiсе отырып, МКӨЖ қызмет көрсетудi жүргiзетiн ұйым орындайды. Ағынды ТТ-ны пайдалануға қойылатын негiзгi талаптар: 1) ағынды ТТ-ны тексеру тегеурінді металл пикнометрлердiң өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша жүргiзiледi; 2) ағынды ТТ-ны тексеру зертханада немесе пайдалану орнында жүргiзiледi. Ағынды ТТ-ны тексерудi, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100 кг/м3-ден аспаса, пайдалану орнында жүргiзіледі; 3) ТТ-ны зертханада кезектi тексеруден кейiн оны пайдалану орнына орнатар алдында ауа нүктесi бойынша метрологиялық сипаттаманы бақылау орындалады; 4) бұл үшiн мұнай сапасының параметрлерiн өлшеу блогында немесе басқа бейiмделген үй-жайда ТТ қоректендiрiледi, тығыздықты өлшеу сызығына қосылады (20 + 5) °С температура кезiнде шығу дабылын есептеу жүргiзiледi; 5) шығу дабылының тербелiс кезеңi тексеру сертификатында (ауамен тексеру) көрсетiлген тербелiс кезеңiне сай келеді. 37. Егер тексеру немесе бақылау кезiнде ТТ дәлсiздiгi белгiленген шектерден асатын болса, кейiн тексерумен градуирлеуге жатады. Ағынды ТТ-ны градуирлеу пикнометрлердiң өлшеу жинағы бойынша немесе эталондық тығыздықты өлшеуiш бойынша зертханада немесе пайдалану орнында сәйкес жүргiзiледi. Ағынды ТТ-ны градуирлеудi, егер мұнайдың тығыздығы жыл iшiнде 100 кг/м3-ден аспаса, пайдалану орнында жүргiзуге рұқсат етiледi. 38. Ағынды ТТ-ны бақылау 10 күнтiзбелiк күнде бiр рет ТТ жұмыс көрсеткiштерiн мұнайдың тығыздығын эталондық тығыздықты өлшеуiшпен тығыздықтың жұмыс мәнi кезiнде жұмыс жағдайларында өлшеу нәтижелерiмен немесе резервтiк ТТ көрсеткiштермен салыстырып қарау әдiсiмен жүргiзiледi. Резервтiк ТТ таза болып қолданылады және одан мұнай салыстырып қарау кезiнде ғана өтеді. Мынадай шарт орындалуы тиiс: Іpmm-p0І > Δmm+Δ0, (3) мұндағы pmm – жұмыс ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3; p0 – эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-мен өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3; Δmm – жұмыс ТТ-ның рұқсат етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3; Δ0 – эталондық тығыздықты өлшеуiшпен немесе резервтiк ТТ-ның рұқсат етiлетiн абсолюттiк дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3. Эталондық тығыздықты өлшеуiш болмаған кезде немесе резервтiк ТТ-мен МКӨЖ жарақтандыруға дейiн жұмыс ТТ-ны бақылау талдамалық зертханамен мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелерi бойынша жүргiзiледi. Кем дегенде 10 күнтiзбелiк күнде бiр рет ТТ көрсеткiштерi мұнай тығыздығын тығыздық өлшеуiшпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшеу нәтижелерiмен салыстырылады және төмендегi формула бойынша  кг/м3 тығыздықтарының айырмасы есептеледi: Δmа= pmm- pзm, (4) мұндағы pзm – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, pmm – өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада тығыздық өлшеуiшпен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3 . Мынадай шарт орындалады: ІΔmаІ < Δmm+Δ, (5) мұндағы Δ – тығыздық өлшеуiшпен немесе тығыздықты өлшеудi орындау әдiстемесiн метрологиялық аттестаттау туралы куәлiктен зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшеу әдiсiнiң дәлсiздiгi, кг/м3. Әдiс дәлсiздiгiн бағалауды өткiзгенге дейін былайша ТТ бақылау жүргізіледі: мына формула бойынша анықтайды: (6) (7) мұндағы – нормадан ауытқушылыққа тексерiлген, ТТ тексеруден кейiнгi алғашқы  әртүрлiлiгiнiң орташа мәнi, кг/м3. Шұғыл байқалатын өлшеулер табылған жағдайда оларды қосымша өлшемдер нәтижелерiмен алмастырады. pmm – тексеруден кейiн алғашқы 30 ауысымда 1-шi ауысымды жұмыс ТТ өлшенген, мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3; pзі – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3. ТТ жұмыс көрсеткiштерi 10 күнтiзбелiк күнде кемiнде бiр рет ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнайдың тығыздығымен салыстырылады және төмендегi формула бойынша кг/м3 тығыздықтарының әртүрлiлiгi есептеледi: Δmа= pmm- pз, (8) мұндағы pз – мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогында шарттарға келтiрiлген, pmm өлшеу сәтiне iрiктелген сынамада ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығының мәнi, кг/м3. Мынадай шарт орындалады: (9) мұндағы Δар – тығыздық өлшеуiштiң (± 0,5 кг/м3) немесе зертханалық тығыздық өлшеуiштiң жол берiлетiн дәлсiздiгiнiң шегi, кг/м3, (тексеру туралы куәлiктен алады). Егер (5) немесе (9) шарттар орындалмаса, ауытқу себептерi анықталады: өлшеулердiң қателерi, бақылау шарттарын сақтамау, ескерiлмеген факторлар. Қатарынан үш ауысым iшiнде шарттар сақталмаған кезде және метрологиялық бас тарту жағдайында ТТ-ті бөлшектейдi, жуады, мұнай сапасы параметрлерiн өлшеу блогына қайта орнатады және осы әдiс бойынша бақылайды. Қосымша екi ауысым iшiнде теріс нәтижелер алынған кезде ТТ кезектен тыс тексеруге жатады. Қабылдаушы және өткiзушi тараптардың уағдаластықтары бойынша бақылау мерзiмдiлiгiн өзгерту жүргізіледі. ТТ-ның метрологиялық сипаттамаларын бақылауды ұсынудың көрнекiлiгi үшiн және метрологиялық бас тартулардың диагностикасы мүмкiндiгiн iске асыру үшiн жоғарыда көрсетiлген өлшемдердi компьютерге енгiзу және сақтау кестелер түрiнде монитор экранында индексациялау ұсынылады. 39. ТТ-ны ағыту кезiнде мұнайдың брутто массасы мұнайдың бiрiктiрiлген сынамасы (тәулiктiк не бір топтағы) зертханалық талдаулар бойынша мұнай тығыздығы ескерiле отырып анықталады. Метрологиялық бас тартудың немесе ТТ-ны ағытудың дәл сәтiн анықтау мүмкiндiгi болмаған жағдайда осы кезең үшiн мұнай тығыздығын арбитраждық сынама бойынша қабылдау қажет. ТТ-ны ағыту кезiнде және резервтiк ТТ болмаған кезде мұнайдың брутто массасы (Мбр), т, мына формула бойынша есептеледi: Мбр = V x pзm x 10-3 , (10) мұндағы V – МКӨЖ арқылы өткен мұнай көлемi, м3; pзm – көлемдi өлшеу шарттарына немесе стандарттық шарттарға келтiрiлген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3. Әдiс дәлсiздiгiн бағалауды өткiзгенге дейiн өлшеудi ареометрмен орындау әдiстемесiне сәйкес мұнайдың жалпы массасы мына формула бойынша анықталады: Мбр = V x pзm x 10-3 + ΔМ, (11) мұндағы pзm – көлемдi өлшеу шарттарына немесе әдiстiң жүйелiк дәлсiздiгiнiң есебiнсiз стандарттық шарттарға келтiрiлген, ареометрмен немесе зертханалық тығыздық өлшеуiшпен өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3; ΔМ – төмендегi формула бойынша анықталған мұнайдың брутто массасына түзету: Мбр = V x pзm х Кm x 10-3, (12) мұндағы Кm – түзетушi көбейткiш. 40. Серпінді өлшеулердің жанама әдісі бойынша мұнайдың тығыздығы мен көлемі өлшенеді және бұл өлшеулердің нәтижелерін қалыпты шарттарға келтіреді немесе мұнай тығыздығын өлшеу нәтижелері оның көлемін өлшеу шарттарына келтіреді. 41. ШТ немесе сұйықты есептеуішпен жүргізілетін мұнай көлемін және ТТ көмегімен айқындалатын оның тығыздығын өлшеу кезінде және кейіннен мұнай тығыздығы мен көлемін өлшеу нәтижелерін шарттарға келтірген кезде мұнайдың массасын , кг, мына формула бойынша есептейді: , (13) мұндағы  – қалыпты шарттарға келтірілген мұнай тығыздығы мен көлемі. «с» – «серпінді» терминіне сәйкес келетін белгі. 42. 15 °С температура кезіндегі жағдайға келтірілген мұнай тығыздығын, , кг/м3, мына формула бойынша есептейді: , (14) мұндағы  – ТТ-дағы мұнай температурасы мен қысымында өлшенген мұнай тығыздығы, кг/м3; CTLСа, – стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ТТ-дағы мұнай температурасы үшін белгіленген мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті; CPLСа – стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ТТ-дағы мұнай қысымы үшін белгіленген мұнай көлеміне қысымның әсерін ескеретін түзету коэффициенті. 43. 20 °С температура кезінде қалыпты жағдайға келтірілген мұнай тығыздығы, , кг/м3, мына формула бойынша есептеледі: , (15) мұндағы  – осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес қолданылатын, 15 ºС температура кезінде мұнайдың кө­лемдік кеңею коэффициенті. 44. 15 °С температураға келтірілген мұнай көлемі, V, м3, мына формула бойынша есептеледі: , (16) мұндағы – ШТ-де немесе сұйықтық есептеуіште мұнай температурасы және қысымы кезінде өлшенген мұнай көлемі, м3; CTLСV – стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ШТ-дағы немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнай температурасы үшін белгіленген мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті; CPLСV – стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, ШТ-дағы немесе сұйықтық есептеуіштегі мұнай қысымы үшін белгіленген мұнай көлеміне қысымның әсерін ескеретін түзету коэффициенті. 45. 20 °С температураға келтірілген мұнай көлемі VД20, м3, мына формула бойынша есептеледі: , (17) 46. ШТ немесе сұйықтық есептеуіш көмегімен жүргізілген мұнай көлемін және ареометр немесе зертханада біріктірілген сынамада зертханалық тығыздық өлшегішпен анықталған оның тығыздығын өлшеу және өлшеу нәтижелері мен мұнай тығыздығын кейіннен қалыпты жағдайға келтіру кезіндегі мұнай массасы mС2, кг, мына формула бойынша есептеледі: mС2 = VС0р30, (18) мұндағы VС0 – қалыпты жағдайларға келтірілген мұнай көлемі, м3; р30 – қалыпты температураға келтірілген мұнай тығыздығы, кг/м3. VС0, м3, мәні (16) және (17) формулалар ­бойынша анықталады. 47. 15 °С температураға келтірілген мұнай тығыздығы, р315 , кг/м3, мына формула бойынша есептеледі: , (19) мұндағы рС15 – стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес зертханалық жағдайда ареометр көмегімен өлшенген мұнай тығыздығы; CTLСа– стандарттау бойынша нормативтік құжаттарға сәйкес есептелетін, мұнай көлеміне температураның әсерін ескеретін түзету коэффициенті; 7. Өлшеу нәтижелерін ресімдеу 73. Өлшеу сызығы бойынша көлемдi, МКӨЖ бойынша көлемдi және мұнайдың брутто массасын өлшеу нәтижелерiн, нысаны осы Қағидаға 6-қосымшада келтiрiлген МКӨЖ өлшеу құралдарының көрсеткiштерiн тiркеу журналына мұнай жеткiзу шарттарында белгiленген уақыт аралығында, сондай-ақ мұнай айдаудың әрбiр тоқтауы және қайта жаңғыруы кезiнде дисплейден немесе электромеханикалық есептеуiштерден оқи отырып, жазылады. 74. Тығыздықты, температураны, судың, хлорлы тұздардың, механикалық қоспалардың құрамын, қаныққан булардың қысымын, сондай-ақ өлшеудің қалыпты жағлайларына келтірілген тығыздықты және тапсырушы мен қабылдаушы тараптар арасындағы шарттық қатынастарда белгiленген мұнай сапасының басқа да көрсеткiштерiн өлшеу нәтижелерi мұнай сапасының паспортына енгiзіледi. Мұнай сапасын ағындық талдауыштар қолданылған жағдайда нәтижелер тапсырушы және қабылдаушы тараптар белгiлеген шығарылғанды беру аралығымен басып шығаратын қондырғыда шығарылады. 75. МКӨЖ өлшеу құралдарының түсірілмейтін есептеуіштер көрсеткiштерiн тiркеу журналындағы және мұнай сапасынын паспортындағы жазбалар (АӨҚ-тың фискалды есептеріндегі) негiзiнде осы Қағидаға 7-қосымшаға сәйкес мұнай құбырынан мұнайды қабылдау-тапсыру актiсi нысаны бойынша ресiмделедi. Мұнай сапасы паспорты, ал мұнай сапасын ағындық талдауыштар қолданылған жағдайда – мұнай сапасын ағындық талдауыштармен өлшеу нәтижелерінің басып шығарылғандары мұнай құбырынан мұнайды қабылдау-тапсыру актiсiнiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Мұнайды қабылдау-тапсыру актiлерi екі тарап үшін де жеткілікті, бірақ үштен кем емес данада ресімделеді. 76. Осы Қағиданың 73, 74, 75-тармақтарында аталған құжаттар электронды тасымалдауыштарда да жүргiзiлуi мүмкiн. 77. Мұнайды қабылдау-тапсыруға, қабылдау-тапсыру құжаттарын жасауға және оларға қол қоюға жауапты лауазымды тұлғалар тапсырушы және қабылдаушы тараптар басшыларының бұйрығымен тағайындалады. Мұнайды қабылдау-тапсыру үшiн жауапты тұлғалардың қол қою үлгiлерi тапсырушы және қабылдаушы тараптардың бухгалтерияларында сақталады. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасына 1-қосымша МКӨЖ үшін болуы міндетті құжаттардың тізбесі 1. МКӨЖ-ді өнеркәсіптік пайдалануға енгізу актісі (актінің көшірмесі). 2. МКӨЖ жобасына сараптамалық қорытындының көшірмесі. 3. МКӨЖ-ге және МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарына формулярлар. 4. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру хаттамалары. 5. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификат. 6. МКӨЖ-ді тексеру (жиынтық дәлсіздігін анықтау) хаттамалары. 7. МКӨЖ тексеру туралы сертификат (МКӨЖ жиынтық дәлсіздігін анықтау). 8. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарын тексеру кестелерінен үзінді. 9. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бақылау журналы (электронтық түрде берілуі мүмкін). 10. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамаларын бақылау кестелері. 11. ТТ-1, ТТ-2, ТТ-3 жүргізу кестелері. 12. Пайдалану жөніндегі нұсқаулық. 13. Техникалық қызмет көрсету журналы. 14. МКӨЖ өлшеу құралдары көрсеткіштерін тіркеу журналы (егер өлшеу құралдары көрсеткіштері тренділерін сақтау мүмкіндігі болса, оның болмауы мүмкін). 15. МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары технологиялық жабдығының тоқтап қалуы туралы актілер (мағлұматтар). 16. МКӨЖ-ді ажырату актілері. 17. МКӨЖ-ді пайдалану үшін жауапты персоналға арналған лауазымдық нұсқаулықтар. Жер қойнауын пайдаланушы келісімшарттық аумақта өндірген мұнайдың көлемі мен салмағын өлшеу қағидасына 2-қосымша Ұсынылатын МКӨЖ құрамы және тікелей серпінді әдісті қолданумен рұқсат етілетін дәлсіздік шектері Р/с № МКӨЖ құрамына кіретін өлшеу құралдары мен жабдықтардың атауы Дәлсіздіктің рұқ­сат етілетін шегі Ескертпе 1 2 3 4 1 Негізгі өлшеу құралдары және жабдықтар 2 Салмақ өлшеуіш +0,25 % 3 Манометр кт.1.0 4 Сүзгі 5 Ысырмалар 6 Сынама алу құрылғысы 7 Автоматты сынама алғыш 8 Сынаманы қолмен алуға арналған сынама алғыш шүмек 9 Сынама алғышты басқару блогы 10 Қосымша өлшеу құралдары және жабдықтар 11 Резервтік салмақ өлшеуіш + 0,25 % 12 Бақылау салмақ өлшеуіші + 0,20 % Жоба бойынша болған кезде 13 Өлшеу с