• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Маусым, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы 2016 жылғы 28 сәуір №193

289 рет
көрсетілді

Астана қаласы «Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. «Ветеринария саласы бойынша зертханалық-диагностикалық зерттеулерінің үлгілік уақыт нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 16-07/582 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9011 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2014 жылғы 15 сәуірдегі № 72 (28296) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрық көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдануын; 2) осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналас­тырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Министр А.МАМЫТБЕКОВ